Размер шрифта
Цвета сайта

Қазақстан кашмир мәселесін бейбіт жолмен шешуді қолдайды. Бұл аймақтағы шиеленісті төмендетуге оң әсерін тигізбек.

Кашмир мәселесі Үндістан мен Пәкстан мүдделерін ескере отырып, екі жақты келіссөздерде ымыраға қол жеткізу арқылы шешілуі тиіс. Бұл келіссөздерге, тараптардың келісімімен, БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар мамандарын тартуға болады.

Осыған орай Үндістан мен Пәкстан қатынастарында 2004 жылдан бері орын алып отырған оң өзгерістерді қолдайды.

Қазақстан тек қана тұрақты және кешенді диалог екі жақты мәселелердің барлығын, соның ішінде Кашмир мәселелесінің шешілуіне жетелейді деп санайды.