Размер шрифта
Цвета сайта

 

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi комиссия

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша және Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кiруi, олардан шығуы, қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылады.

Ережеге сәйкес Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:

- Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар мен әмбебап сипаттағы халықаралық шарттарға қатысуына және қабылданған, соның iшiнде қаржылық мiндеттемелердi барынша тиiмдi орындауды қамтамасыз етуге байланысты және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi бойынша;

- Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кiруi және олардан шығуы, қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы жөнiнде мемлекеттiк органдардың ұсыныстарын қарау нәтижелерi бойынша;

- Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кiруi, қатысуы, сондай-ақ халықаралық шарттарға қосылуы үшiн (заңнамалық, қаржылық, және басқа да салалық) жағдайларды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай, жылына кемiнде екі рет өткiзiледi. Бүгінгі күні Комиссияның 43 отырысы өткізілді. Соңғы отырыс 2015 жылғы 3 ақпанда өтті.