Размер шрифта
Цвета сайта

Қазақстан 1992 жылы 2 наурыз БҰҰ мүшесі болды.

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 1992 жылы 15 сәуірде БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының бірінші Тұрақты Өкілі тағайындалды (А.Арыстанбекова). БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігін құру туралы Президент Жарлығына 1992 жылы 5 маусымда қол қойылды.

Қазақстанда БҰҰ-ның өкілдігі 1993 жылы 16 ақпанда ашылды. 2010 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Резидент-Үйлестіруші – Стивен Тулл.

Қазақстан БҰҰ-ның іс жүзінде барлық мамандандырылған мекемелерінің, БҰҰ-ның екі өңірлік комиссиясының (ЕЭК және АзТЭӘК) мүшесі болып табылады, ЭКОСОС-тың функционалдық комиссиясына, сонымен қатар ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, БҰҰ-әйелдер Атқарушы кеңесіне сайланып отырады.

2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан БҰҰ-ның адам құқығын қорғау Кеңесінің мүшесі болып табылады.

2010 жылы Қазақстан 2017-2018 жылдар аралығына БҰҰ ҚК-нің тұрақсыз өкілі және БҰҰ БА-ның 71-сессиясының Төрағасы лауазымына ресми түрде өз кандидатурасын ұсынды.

Қазақстан барлық негізгі іс-шараларға белсенді түрде қатысты және теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттер үшін БҰҰ-ның ғаламдық Конференциясы (Алматы, 2003 ж. тамыз), АзТМЭӘК-нің 53-сессиясы (Алматы, 2007 ж. мамыр), алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету туралы Алматы Декларациясының қабылдануының 30-жылдығына арналған ДДҰ Конференциясы (2008 ж.), Азия және Тынық мұхиты мемлекеттеріне арналған қоршаған орта мен даму бойынша 6-министрлік конференциясы (2010 ж. қыркүйек) және т.б. ірі халықаралық форумдар өткізді.

Біздің мемлекеттің БҰҰ-дағы ұстанымы Қазақстанның БҰҰ қарастыратын барлық мәселелер кешеніне мүддесін есепке алу негізінде қалыптасады. Сонымен бірге экономика, экология, әлеуметтік даму саласындағы Ұйымдармен, халықаралық құқықтың ілгерінді дамуы, адам құқығының сақталуы, лаңкестікпен күрес, ұйымдастырылған қылмыстылық және есірткі бизнесі саласына аса ерекше назар аударылады.

Қазақстанның ғаламдық ядролық қарусыздандыруға қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес. Қазақстан әлемде өлшемі бойынша әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өзеркіменбас тартқан мемлекет ретінде үлкен беделге ие.

Біздің мемлекет Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімнің белсенді қатысушысы болып табылады және оның тез арада күшіне енуін қолдайды.

2009 жылы Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 64/35 қарарын бірауыздан қабылдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарғы қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.

Лаңкестікпен күрес мәселесі БҰҰ-ның күн тәртібінен он жыл бойы түспеген тақырып. Қазіргі уақытта Қазақстан барлық 13 халықаралық әмбебап лаңкестікпен күрес туралы Конвенцияға қосылды.

Қазақстан есірткі бизнесі және заңсыз есірткі таралуы саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастықтың дамуына ерекше көңіл бөледі. Біздің мемлекет осы саладағы БҰҰ-ның барлық негізгі конвенцияларын бекітті.

Қазақстан БҰҰ конференциясында Рио+20 тұрақты даму бойынша жеткен уағдаласттықтарды жүзеге асыру жұмыстарына жігермен үлес қосады. «Жасыл» экономикаға көшу ұлттық концепциясы, энергетика, су, коммуналдық және ауыл шаруашылығы, өндірістік, биоалуантүрлілік секілді негізгі секторларда тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық бағдарламалар жасалды.

Қазақстан өткізетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдау тұрақты энергетика саласында таңдаулы тәжірибені таратуды жәрдемдесуге шақырады.

Қазақстанның БҰҰ Қоршаған орта бойынша бағдарламасымен (ЮНЕП), климатты қорғау бойынша ауаның трансшекаралық ластануы, биоалуантүрлілілікті сақтау, Каспийдің теңіздік ортасын қорғау ғаламдық және маңызды өңірлік табиғат қорғау конвенциялары және келісімдерімен өзара әрекеттесуі дамып жатыр.

Қазақстан БҰҰ-мен адам құқығын қорғау және ынталандыруды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі және БҰҰ Жарлығына, Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясына, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактісі мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге жетекші рөлді береді.

Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығына маңызды мән беріледі.

Қазақстан бастамасымен БҰҰ БА-ның өткен сессиясының резолюциясы 2013-2022 жылдарды Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық онкүндігі деп жариялады. Оның ресми ұлықтау рәсімі Астанада 2013 жылы өтті.

Қазіргі уақытта мемлекет күн тәртібіндегі «МДМ плюс» даму мақсаттарын жүзеге асыруды бастады. Біз үшін кедейлік және жұмыссыздықты, ана мен бала өлімін азайту, тұрақты даму, қоршаған ортаны, ВИЧ/СПИД-тен сақтандыруды, гендерлік теңдікті жетілдіру мәселелері басым болып табылады.

Қазіргі таңда ҚР Үкіметінің БҰҰ-мен ынтымақтастығы БҰҰ-ның 2010-2015 жылдарға арналған даму мақсатында көмек көрсету (ЮНДАФ) шекті бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады.

Әр түрлі дереккөздері бойынша 2010-2015 жылдарға аралған ЮНДАФ мақсаттарын қолдау үшін күтілетін қаржының жалпы көлемі 79,64 млн. АҚШ долл. құрайды.

БҰҰ жүйесінің әр түрлі органдарында Қазақстанның 20 азаматы қызмет етеді. 2011 жылы алғаш рет егеменді Қазақстанның және БҰҰ тарихында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымына мемлекет өкілі Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды. Сонымен қатар, ол БҰҰ-ның Женевадағы Бас директоры және Қарусыздану конференциясының Бас хатшысы қызметін атқарды.

БҰҰ халықаралық қатынастардағы таптырмайтын құрал екендігін мойындай отырып, Қазақстан Ұйым көмегімен, Ұлттар Қауымдастығы арқылы жалпы адамзат проблемаларын шешуде өзінің беделді үлесін қосуға тырысады.