Размер шрифта
Цвета сайта

 

Халықаралық еңбек ұйымының негізі 1919 жылы қаланды. БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы бола отырып, ХЕҰ бірегей үш жақты құрылым болып табылады. Ұйым шеңберінде жұмыс берушілер мен жұмысшылардың бірлестігі үкіметпен бірге тең дауыстарға ие.

Лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау тобы және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ бюросы (2010 жылдың сәуіріне дейін – Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ субаймақтық бюросы) Мәскеуде 1959 жылдан жұмыс істейді және Қазақстанды қоса алғанда, ХЕҰ-ның он елдегі қызметін үйлестіреді.

2012 жылғы 1 қазаннан ХЕҰ Бас директоры - Гай Райдер (Ұлыбритания). 2014 жылғы 1 маусымнан Ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық бюросының директоры Хайнц Коллер (Германия) болып табылады.

1993 жылы Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының мүшесі болды. 2011 жылы ХЕҰ Әкімшілік кеңесіне сайланды.

Қазақстан 2009, 2012, 2013 және 2014 жылдары ХЕҰ Бас конференциясының жыл сайынғы отырыстарына жоғары деңгейде қатысты. Қазақстандық делегацияларды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі басқарып отырды.

Өз кезегінде, ХЕҰ Аймақтық бюросының директоры жыл сайынғы Астана экономикалық форумында белсенді  түрде қатысып келеді.

Елдегі ХЕҰ қызметі лайықты еңбек ұлттық бағдарламасының негізіне қаланған. ХЕҰ «Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы» стратегиялық құжатын әзірлеуге айтарлықтай үлесін қосты. Оны іске асыру үшін ХЕҰ халықтың біршама мұқтаж бөлігіне атаулы әлеуметтік (АӘК) көмек көрсетудің қазақстандық жүйесін жақсарту бойынша шараларды да қабылдады. Әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік саясатына ең төмен күнкөріс деңгейі жүйесін біріктіру мақсатымен ХЕҰ елде ТК есебі жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізіп отыр. Еңбек саласында негізін қалаушы принциптер мен құқықтарды алға ілгерілету және еңбек заңнамасын халықаралық стандарттармен үйлестіру үшін ХЕҰ Еңбек туралы заң мен ҚР Еңбек кодексін (2007 жылы қабылданды) әзірлеуге көмектесті. ХЕҰ жұмысшылардың, жұмыс берушілер мен үкіметтің мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік әріптестік институтының қалыптасуына жанжақты қолдау көрсетуді жалғастырып отыр. Елде ХЕҰ-ның белсенді қатысуы кезінде ұлттық күзет жүйесі мен еңбек қауіпсіздігі мен еңбек инспекциясын жаңғырту жүргізілді. Кәсіпорындарда еңбекті қорғау комитеттерін құра отырып, «ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001» еңбекті қорғауды басқару жүйесі енгізілді. 2004, 2008 және 2015 жылдары ХЕҰ конвенциялары мен Еуропалық Одақ актілерінің негізінде еңбекті қорғау жүйесі мен еңбек инспекциясына салыстырмалы талдау (аудит) жүргізілді. Жұмыспен қамту заңы мен Халықтың жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеуде консультативтік көмек көрсетілді. Көші-қон саясаты тұжырымдамасы мен Көші-қон туралы заң жобасына түсініктемелер берілді.

Елімізде ХЕҰ қолдауымен әлеуметтік қамту, еңбекті қорғау, көші-қон, балалар еңбегі, әлеуметтік әріптестік саласында жобалар іске асырылды және әлі де жалғасып отыр.

Қазақстан барлық негізін қалаушы конвенцияларды қоса алғанда ХЕҰ-ның 24 конвенциясын, оның ішінде негізін қалаушы (сегіз) және еңбек қауіпсіздігі (төрт) саласындағы конвенцияларын бекітті.