Размер шрифта
Цвета сайта

 

1994 жылы құрылған ЮНЭЙДС құрылтайшылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), БҰҰ Даму бағдарламасы, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), ЮНЕСКО және басқа да БҰҰ жүйесінің он ұйымы болып табылады.

ЮНЭЙДС міндеттеріне эпидемиямен күресу үшін кең ауқымды іс-шаралар нығайту арқылы қолдау және мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен бизнес тарапынан көптеген секторлар мен серіктестердің бірлескен күш-жігерін ынталандыру арқылы жаһандық ВИЧ/ЖҚТБ және оның салдарына қарсы жан-жақты және үйлесімді күресті ұйымдастыру кіреді.

ЮНЭЙДС жұмысының негізгі бөлігін індеттерді бақылау және бағалау бойынша жобаларды жүзеге асыру, оларға қарсы тұру шараларын ұйымдастыру және ресурстарды жұмылдыру, тақырыптық ақпарат және озық тәжірибе тарату арқылы мемлекеттерде атқарады. Қазіргі уақытта әлемде шамамен 80 ЮНЭЙДС елдік офистері жұмыс істейді.

ЮНЭЙДС ұлттық ВИЧ/СПИД таралуы бойынша іс-шаралар, сондай-ақ екі жыл сайын ЖҚТБ жаһандық індеті туралы жаңартылған баяндамасын жүйелі түрде жариялап отырады.

Ұйым қызметінің жалпы басшылығын әлемнің барлық аймақтарынан 22 елдерінің өкілінен құралған ЮНЭЙДС Үйлестіру кеңесі жүзеге асырады. Дауыс беру құқығы жоқ Директорлар кеңесінің мүшелері болып АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдар, бес ҮЕҰ, қоса демеуші өкілдері табылады.

Қазақстанда ЮНЭЙДС бағдарламаларымен жұмыс 1996 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Еліміздегі офиспен бірлесіп ЮНЭЙДС бастамаларын неғұрлым тиімді іске асыруға бағытталған  «Үш қағидат» саясаты жүргізілуде: 1.Барлық әріптестердің жұмысын үйлестіру үшін негіз болып табылатын СПИД-ке қарсы күрес бойынша келісілген әрекеттер топтамасы; 2. Сектораралық мандаты бар СПИД жөніндегі бірегей Ұлттық үйлестіру органы; 3. Мемлекет деңгейінде келісілген қадағалау және бағалау жүйесі.

Сонымен қатар, келесі бағыттар бойынша індетке қарсы бірлескен шаралар жүзеге асырылуда:

- Құқықтық саясатты жетілдіру, алдын алу және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін заңнамалық және әлеуметтік ортажағдай жасау;

- Алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру;

- Халықаралық стандарттарға сәйкес ВИЧ-жұқтырған және СПИД-пен ауыратындарға күтім, қолдау және емдеу бағдарламаларын жүзеге асыру;

- ВИЧ-тен зардап шеккен адамдар үшін әлеуметтік жобаларды іске асыру;

- Эпидемиологиялық қадағалау, мониторинг, бағалау, жоспарлау және болжауды жетілдіру.

Бағдарламаның ең маңызды бөлімдерінің бірі оппортунистік инфекциялар емдеу үшін ретровирусқа қарсы препараттарды және есірткіге кең ауқымды қол жетімділігін қамтамасыз ету, есірткі саясатын дамыту болып табылады. Ұлттық органдар мен ЮНЭЙДС-ті қоса алғанда, халықаралық серіктестермен жүзеге асыратын бағдарламалық іс-шаралар шеңберінде қадағалау және бағалау үшін жүйе жетілдіріліп жатыр.

ЮНЭЙДС көмегімен ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды қолдау үшін халықаралық донорлардың қосымша ресурстары жұмылдырылуда.