Размер шрифта
Цвета сайта

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық орталықтары және Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Кеңселері Біріккен Ұлттар ұйымының жүйесі туралы қоғамдық ақпараттың негізгі жергілікті көздері болып табылады.

1993 жылы құрылған және жұмыс істеп отырған Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық кеңсесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоғамдық Ақпарат Департаменті бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық кеңсесі Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның қызметі бойынша өзекті ақпаратты шамамен 20 жылға жуық кең аудитория үшін ұсынып отыр.
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық кеңсесі бұқара көпшілікке, оның ішінде журналистерге, мемлекеттік органдардың өкілдеріне, азаматтық қоғам өкілдеріне, студенттерге, оқытушылар мен зерттеушілерге ақпаратты ұсына отырып Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы сенімді ақпарат көзі қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық кеңсесі семинарлар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Модельдерін, көрмелерді және басқа да іс-шараларды өткізу арқылы әртүрлі мәселелерді ілгерілетуде азаматтық қоғаммен жиі жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық кеңсесі басымдықты мәселелер мен оқиғаларды жария етеді, халықаралық күн, жыл және он жылдықтардың өткізілуін бақылауға қатысады.