Размер шрифта
Цвета сайта

БҰҰДБ өзінің Қазақстанға көмек көрсету бағдарламасын 1993 жылы бастады. 1994 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰДБ арасында Бағдарламаның Қазақстандағы қызметінің басым бағыттарын қамтитын ынтымақтастық туралы Келісіміне қол қойылды.

1994 жылғы Келісімге негізделген Қазақстан Республикасы мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастық 2009 жылдың 25 қарашасында ҚР Үкіметі мен БҰҰДБ арасындағы ұлттық дамудың жаңа кезеңінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық Меморандумына қол қою арқылы жаңа форматқа көшті.

БҰҰ Даму бағдарламасы БҰҰ-ның 2000 жылы қыркүйек айында Нью-Йорктегі Мыңжылдық саммитінде қабылданған Мыңжылдық даму мақсаттарының (МДМ) жетістіктеріне жауапты басты агенттігі болып табылады. МДМ – кедейшілік пен ашаршылық, сауатсыздық, жыныс теңсіздігі, бала және ана өлімі, ВИЧ/СПИД, туберкулез және экологиялық деградация мәселелерін шешуге бағытталған өзара байланысты міндеттердің кешені.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы институционализация, негізгі құжаттарды әзірлеу, сонымен қатар мемлекеттің және аймақтың одан әрі тұрақты дамуы үшін үкімет және қоғаммен ынтымақтастық орнатуды қолдауға бағытталған.

БҰҰДБ-мен бірлескен жұмыс электоральді және құқықтық жүйені күшейтуге, әділеттілікке, қоғамдық ақпаратқа және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын сақтауға қол жеткізуді жетілдіруге бағытталған.

БҰҰ-ның Даму мақсатындағы көмек көрсету бойынша негіздемелік бағдарламасы (ЮНДАФ) ҚР-мен ынтымақтастықты анықтайтын, әр бес жылда қайта қаралып және бекітілетін негізгі құжаттардың бірі болып табылады.

Бағдарлама бес негізгі принципте құрылады: адам құқықтарын сақтау, гендерлік теңдік, қоршаған ортаның тұрақтылығы, нәтижеге және мүмкіндіктің нығаюына бағдарланған басқару.

ЮНДАФ 2005-2009 жылдар аралығына Қазақстанда табысты түрде жүзеге асырылды және 2010-2015 жылдар аралығына күшіне енді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасына 2016-2020 жылдар кезеңіне арналған жаңа ЮНДАФ әзірлеу үдерісі басталды.