Размер шрифта
Цвета сайта

 

Қазақстан 1992 жылы 31 шілдеде АзТМЭӘК-ке мүше болды және содан бері әр түрлі салада БҰҰ Комиссиясымен тығыз ынтымақтастықта. Соның ішінде, Қазақстан АзТМЭӘК-тің қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды басқару, инвестициялық ынтымақтастық және сауданың дамуы сияқты мәселелер жөніндегі бағдарламаларына қатысады. Қазақстан Комиссияның Бангкок қаласындағы штаб-пәтерінде жиі өтетін АзТМЭӘК-тің жыл сайынғы сессияларының барысында үнемі жоғары деңгейде таныстырылады және Комиссия сессияларында қабылданған бір қатар қарарларының бірлескен авторы болып табылады.

Қазақстанның АзТМЭӘК-пен ынтымақтастығының негізгі кезеңдері:

1998 жылы қазанда Алматы қаласында АзТМЭӘК-тің көмегімен Орталық Азияда алғаш рет өткізілген 7-ші Халықаралық Азия-Тынық мұхиттық АСПАТ-98 сауда жәрмеңкесі өтті.

Қазақстан АзТМЭӘК-тің «Азиядағы жер үсті көлік инфрақұрылымының дамуы» жобасын жүзеге асырылуына қатысады.

2004 жылы 22-28 ақпанда Шанхайда (ҚХР) жоғары деңгейдегі қазақстандық делегация қатысқан АзТМЭӘК-тің 60-мерейтойлық сессиясы өтті.

2005 жылдың 16-18 мамырында Бангкок қаласында БҰҰ АзТМЭӘК-тің 61-сессиясы өтті, АзТМЭӘК сессиясының Төрағасы болып алғаш рет Қазақстан Республикасының өкілі ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев тағайындалды.

2006 жылы 6-12 сәуірде Джакарта қаласында (Индонезия) АзТМЭӘК-тің 62-сессиясы өтті. Сессияның басты тақырыбы «Табиғи апаттармен күрестердегі өзара әрекеттерді қоса, инфрақұрылымның дамуы саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың жандандырылуы» болды.

2007 жылдың 17-23 мамыр аралығында Алматыда АзТМЭӘК-тің 63-сессиясы өтті.

2010 жылы 13-19 мамырда Инчеон қаласында (Корея Республикасы) АзТМЭӘК-тің 66-сессиясы өтті. Аталған іс-шарада қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Президентінің экономикалық мәселелер бойынша көмекшісі Б.Сұлтанов басқарды. Сессия барысында Орталық Азиядағы Мыңжылдық Даму Мақсаттарына жету бойынша күш салудың өзара қатынасы және үйлестірудің алдағы күшейтуіне қызмет ету үшін тартылған Алматыдағы Солтүстік және Орталық Азияға арналған АзТМЭӘК-тің субөңірлік кеңсесінің ашылуы бойынша ұйымның дайындығы расталды. 2011 жылдың маусымынан бастап аталған бөлімше өзінің жұмысын бастады.

АзТМЭӘК-тің субөңірлік бөлімшесі 10 мемлекетті қамтиды: Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан, сонымен қатар Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ арнайы бағдарламасының (СПЕКА) мүше-мемлекеті ретіндегі Ауғанстан.

2013 жылдың 19-25 мамырында Бангкок қаласында өткен АзТМЭӘК-тің 67-сессиясында тиісті қарар жобасы қабылданды, атап айтқанда, «Жасыл көпір» Астана бастамасы: Жасыл өсуді іске асыру мақсатындағы Еуропалық-Азия-Тынықмұхиттық серіктестік.

2013 жылдың қарашасында Қазақстанда СПЕКА-ның Экономикалық форумы, ҚР төрағалығымен СПЕКА Басқарушы кеңесінің отырысы, сонымен қатар Тұрақты даму бойынша мемлекетаралық комиссия және СПЕКА-ға арналған ЕЭК/АзТМЭӘК-тің Алматы қаласындағы бірлескен кеңсесінің ашылуы өтті.

Қазақстандық делегация қатысқан БҰҰ АзТМЭӘК-тің 69-шы сессиясы (2013 жылғы 25 сәуір – 1 мамыр, Бангкок қаласы) барысында «Рио+20 “Біз қалайтын болашақ” қорытынды құжатының ұсыныстарын әрі қарай ерікті орындау ретінде “Жасыл көпір” Серіктестік Бағдарламасын іске асыру» атты ҚР-дың 69/9 қарары бәтуаластықпен қабылданды. АзТМЭӘК пен ЕЭК-тің қатысуымен ЖКСБ-ні тәжірибелік іске асыру бойынша серіктестердің бірінші кездесуі 2013 жылы 30 қыркүйекте Астанада өтті. Бүгінгі таңда ЖКСБ бойынша Хатрияға 14 мемлекет қол қойды. (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Германия, Болгария, Грузия, Беларусь, Черногория, Латвия Республикасы, Финляндия, Мажарстан, Албания, Швеция).

2014 жылы 4 мамырда АДБ Басқарушылар кеңесінің Астанадағы 47-ші отырысы шеңберінде АзТМЭӘК Атқарушы хатшысы Ш.Ахтардың ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов, ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов және үкіметтің басқа да мүшелерімен кездесулері өтті. Кездесулер барысында 2017-2018 жж. арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ҚР кандидатурасын ілгерілету науқаны шеңберіндегі АзТМЭӘК-пен ынтымақтастықтың келешегі және Астана қаласында АзТМЭӘК қамқорлығымен ЭКСПО негізінде Жаңартылатын энергия бойынша Азия мен Тынық мұхиттық орталықты құру мүмкіндігі талқыланды.

2014 жылы 4 қыркүйекте Самоада БҰҰ қамқорлығымен өткен шағын аралдық мемлекеттер жөніндегі халықаралық конференция аясында Ш.Ахтардың қатысуымен ЭКСПО-2017–ге арналған сайд-ивент ұйымдастырылды. ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Комиссияның Атқарушы хатшысымен өткен кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан Тынық мұхитындағы 12 мемлекеттердегі биогаз бойынша жобаны дамыту мақсатында АзТМЭӘК-ке ерікті жарналар құйды.

Комиссияның 71-ші сессиясы аясында Тынық мұхиты елдері делегацияларының басшыларымен 16 екіжақты кездесулер өткізілді. ҚР бастамасы бойынша АзТМЭӘК-тің 71/9 «АзТМ-дағы су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты нығайту» атты қарары қабылданды.

2015 жылы 3 шілдеде Бангкок қаласында АзТМЭӘК штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Комиссия арасындағы «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасы (ЖКСБ) шеңберіндегі тұрақты даму саласындағы басымдылықтарды бірлесіп жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылды.

2015 жылы 30 қазанда АзТМЭӘК штаб-пәтерінде ҚР СІМ мен Комиссия Хатшылығы арасындағы Тынық мұхит аймағындағы шағын аралды дамушы елдердің тұрақты және инклюзивті дамуын қолдау бойынша келісімге қол қойылды. Жоба шеңберінде Қазақстан АзТМЭӘК арқылы Тынық мұхит елдеріне 678 мың АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетті.

2016 жылы 6-8 ақпан аралығында Ш.Ахтардың Орталық Азия бойынша сапары шеңберінде ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов, Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек және Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевпен кездесулері өткізді. Кездесулер барысында БҰҰ 2030 Күн тәртібі, ҚР делегациясының Тұрақты даму бойынша Азия-Тынық мұхиттық форумына (2016 ж. 3-5 сәуір, Бангкок қаласы) және Орталық Азия аймағына арналған АзТМЭӘК-тің 72-ші сессиясына (2016 ж. 15-19 мамыр) қатысу мәселелері талқыланды. Сапар барысында АзТМЭӘК Атқарушы хатшысы Назарбаев Университетінде Комиссияның аймақтағы тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы рөлі туралы лекция оқыды.