Размер шрифта
Цвета сайта

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының өкілдігі (БҰҰ БЖКБ) тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстан халқы мен Үкіметіне өзінің шын жүректен құттықтауларын жолдайды. БҰҰ БЖКБ Қазақстан Республикасының Үкіметімен және басқа да әріптестерімен 15 жылдан астам тығыз ынтымақтасып келеді. Қазақстан Республикасында 1995 жылы өз өкілдігін аша отырып, БҰҰ БЖКБ қызметі гуманитарлық кеңістікті нығайту мен сақтауға, босқындар үшін ұзақ мерзімді шешімдерді әзірлеуді қоса алғанда, босқындарға халықаралық қорғауды қамтамасыз етуге, азаматсыздықты жою мен қысқартуға, халықаралық тәжірибе негізінде күрделі аралас көші-қон ағындарын басқаруға жәрдемдесуге және төтенше жағдайларды сезінуге әлеуетті нығайтуға бағытталған. БҰҰ БЖКБ жұмыспен қамтылу, кәсіби курстар сияқты босқындар үшін өзін өзі қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды қолдайды, негізгі әлеуметтік игіліктерге босқындардың қолжеткізуін қамтамасыз етеді және неғұрлым әлсіз отбасыларға қаржылай көмегін ұсынады.

Қазақстан пана іздейтін адамдар мен босқындардың құқықтарын қорғау мен гуманитарлық кеңістікті сақтауда айтарлықтай нәтижелерге қолжеткізді. 1999 жылы Қазақстан «Босқындар мәртебесі туралы» 1951 жылғы конвенцияға және 1967 жылғы оның хаттамасына қол қойды. 2010 жылы «Босқындар туралы» заң Қазақстан Республикасында күшіне енді. Осы заң елдегі босқындарға қатысты мәселелерді реттейді, мемлекет ұсынатын қорғауды қамтамасыз етеді, Қазіргі уақытта БҰҰ БЖКБ ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде ұлттық заңнама мен заңға бағынышты актілерді жетілдіруге мүдделі әртүрлі құзыретті органдармен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып отыр. БҰҰ БЖКБ «Босқындар мәртебесі туралы» 1951 жылғы конвенцияда және 1967 жылғы оның хаттамасында айтылған халықаралық стандарттарға босқындар мәртебесін анықтау бойынша ұлттық рәсімдердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Көші-қон полициясы комитетіне қолдау көрсетіп отыр.
БҰҰ БЖКБ 1954 жылғы Апатридтер мәртебесі туралы конвенцияға қосылуға Қазақстан Республикасының Үкіметіне көмектесуде және негізгі мақсаты азаматсыздықты жою және қысқартумен қатар, азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтау, тіркеу және қорғау болып табылатын заңнамалық және әкімшілік жүйені әзірлеу мен күшейтуде Үкіметке қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар, БҰҰ БЖКБ төтенше жағдайларға жауап қайтару бойынша тетіктерді жақсартуға бағытталған әлеуетті нығайту бойынша іс-шараларды жоспарлау және өткізу арқылы төтенше жағдайларға дайындық мәселелері бойынша Үкіметпен ынтымақтасып отыр.
Сондай-ақ, Орталық Азиядағы аралас көші-қонның күшеюіне байланысты Қазақстандағы БҰҰ БЖКБ қызметі, аралас көші-қон ағындар шеңберінде баспана жүйесін сақтауға да бағытталды. 2011 жылғы наурызда Алматы қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша БҰҰ БЖКБ Бесінші өңірлік конференциясы өткізілді. Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Иран, Түркия, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы және Қытайдың 100-ден астам өкілдері конференцияға қатысты. Қатысушылар «Алматы декларациясын» қабылдады, ол одан әрі өңірлік ынтымақтастықты және тараптар арасындағы диалогты құру үшін тұғырнама қызметін атқаратын болады.