Размер шрифта
Цвета сайта

 

БҰҰ АҚЖКБ 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясыынң шешімімен құрылған болатын. Бас-пәтері Женевада орналасқан, әлемнің 25-тен астам елдерінде өкілдіктері бар. Төрт жылдық мерзімге тағайындалатын Жоғарғы комиссар басшылық етеді. 2014 ж. 1-ші қыркүйектен бұл лауазымды Иордания өкілі Зейд Раад аль-Хуссейн атқарады.

БҰҰ АҚКЖБ-мен ынтымақтастықтың дамыту Қазақстанның сыртқы саяси қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

2008 жылғы маусымнан бастап Бішкекте АҚЖКБ-ның Орталық Азиядағы аймақтық бөлімшесі жұмыс атқарады. Аймақтық бөлімше Орта Азия елдерінің мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен «Орталық Азияда азшылықтардың құқықтарын қорғау» аймақтық конференциясын, «БҰҰ-ның Адам құқықтары механизмі шеңберіндегі жеке хабарламалары» атты семинар, «Қазақстан Республикасына қатысты БҰҰ Адам құқықтары органдарының ұсынымдарын жүзеге асыру» тақырыбында конференция секілді адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті сұрақтар бойынша бірқатар іс-шаралар өткізіп тұрады.

Қазақстан Республикасы 2013 – 2015 жылдар аралығында тұңғыш рет БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің (Кеңес)мүшесі болды. 2015 жылы Қазақстан Кеңестің Вице-төрағасы сайланды. Қазақстан Кеңестің жыл сайын наурызда өтетін сессияларының жоғары сегментіне Сыртқы істер министрі (2010, 2011, 2012, 2015 жж.) және министрдің орынбасарлары – 2013, 2014 және 2016 – деңгейінде ұдайы қатысып отырады.

Соңғы жылдарыҚазақстан Республикасының БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінде (2007 ж. мамыр, 2015 ж. Қыркүйек), Экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтар жөніндегі комитетінде (2010 ж. мамыр); Адам құқықтары жөніндегі комитетінде (2011 ж. шілде); Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінде (2010 ж. наурыз, 2014 ж. ақпан); Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою жөніндегі комитетінде (2007 ж. қаңтар, 2014 ж. ақпан); Азаптауларға қарсы комитетінде (2008 ж. қараша, 2014 ж. қараша) есептері қаралды. 2016 жылы БҰҰ Күштеп жоқ қылып жіберу жөніндегікомитетінде алғашқы есебімізді (наурыз) және Адам құқықтары жөніндегі комитетінде (маусым) Қазақстанның кезекті есебін қорғау жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Азаптауларға қарсы комитеттің, Адам құқықтары жөніндегі комитеттің, Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің және Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою жөніндегі комитеттің ҚР азаматтары мен шетелдіктердің тиісті шарттар бойынша құқықтарының бұзылғандығы туралы жеке шағымдарын қабылдауға құзыреттерін мойындады.

2009 жылы Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Арнайы процедураларының барлық мандат иелеріне тұрақты ашық шақыру жолдағаннан бері елімізге сапар шеккендер:

-         Соттар мен адвокаттардың тәуелсіздігі бойынша арнайы баяндамашы (2004 ж.)

-         Адам құқықтары және терроризм бойынша арнайы баяндамашы (2006 ж.);

-         Азаптаулар бойынша арнайы баяндамашы (2009 және 2010 жылдар);

-         Азшылықтар мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы (2009 ж.);

-         Жеткілікті тұрғылықты орын бойынша арнайы баяндамашы (2010ж.);

-         Білім алуға құқық бойынша арнайы баяндамашы (2011 ж.);

-         Құлдықтың қазіргі заманғы кейіптері, оның себептері мен салдарлары мәселесі бойынша арнайы баяндамашы (2012 және 2014 жылдар);

-         Дін немесе сенім еркіндігі жөніндегі арнайы баяндамашысы (2014ж.);

-         Бейбіт жиналыс және ассоциация құқығы жөніндегі арнайы баяндамашы (2015 ж.);

-         Уландырғыш және қауіпті өнімдердің, қалдықтардың заңсыз тасымалы мен көмілуінің адам құқықтарына кері әсері жөніндегі арнайы баяндамашы (2015 ж.).

2016 жылы Адам құқықтары және трансұлттық және басқа кәсіпорындар мәселелері жөніндегі жұмыс тобының Қазақстанға сапары жоспарлануда.

Қазақстан БҰҰ АҚЖКБ-мен белсенді диалог жүргізіп келеді. Бұл тиімді қатынастар Басқарма сарапшыларының (2001 ж.), Жоғарғы комиссардың орынбасары Б.Рамчаранның (2003 ж.) және БҰҰ Жоғарғы комиссары Луиза Арбурдың (2007 ж.) Қазақстанға сапарлары шеңберінде жемісті ынтымақтастық деңгейіне көтерілді.

2012 ж. шілдеде Жоғарғы комиссар Наванетем Пиллэй Қазақстанға ресми сапар шегіп, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өкілдерімен көптеген кездесулер өткізді.

Қазақстан Кеңестің Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) үдерісіне белсенді түрде қатысады. 2010 жылғы ақпанда еліміз адамның негізгі құқықтары мен еркіндіктерін қорғау саласындағы міндеттемелерін орындау бойынша тұңғыш ұлттық есебін сәтті қорғап шықты. Нәтижесінде 128 берілген ұсыныстардың 112-сін қабылдады. 2014 жылғы 30-шы қазанда ӘКШ-тің 2-ші кезеңі шеңберінде кезекті Ұлттық баяндамамыз табысты қорғалып шықты. Шара қорытындысы бойынша 194 ұсыныс беріліп, Қазақстан олардың 47-сін орындалған, ал 96-сы орындалу үстінде деп қабылданды.

2008 жылдан бастап Қазақстан АҚЖКБ бюджетіне ерікті жарна бөліп келеді. 2015 жылы оның көлемі $ 150 000 құрады. Бұған қоса, 2013 жылдан бері Қазақстан ӘКШ-тің Ерікті қорына қаржыға зәру елдерге арнап $10 000 бөліп келеді.