Размер шрифта
Цвета сайта

Қазақстан Республикасы мен БҰҰ Басқармасы арасындағы есірткі және қылмыстылық жөніндегі (бұдан әрі - ЕҚБ БҰҰ) өзара әрекетінің тарихы есірткіге бақылау орнату бойынша БҰҰ Бағдарламасының Атқарушы директоры Д.Джакомеллидің 1994 жылдың 4 мамырдағы Қазақстанға ресми сапарынан бастау алады.

Казақстан есірткі және қылмыстылыққа халықаралық бақылау саласындағы барлық орасан зор келісімдерге қол қойып, бекітті (есірткі құралдары туралы конвенция (1961), психотропты заттар туралы конвенция (1971), заңсыз есірткі айналымы мен психотропты заттарға қарсы күресу туралы БҰҰ конвенциясы (1988), трансұлттық ұйымдастырылған қылмыстылықпен күресу туралы конвенция (2000) және оларға, жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясына (2003) протоколдар).

ЕҚБ-ға мүшелік Қазақстанның БҰҰ-ға жарна есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы 2009 жылдан бастап ЕҚБ БҰҰ-ға ерікті түрдегі жарналарды жүзеге асырды (2011 жылы ЕҚБ-ның Қазақстанда және басқа мемлекеттерде жүзеге асырып жатқан жобаларына және ЕҚБ БҰҰ-ның қызметінің қолдауына 300 мың долл.; Орталықазиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) қызметінің қолдауына 2012-2013 жылдары 150 мың долл.)

Тұрақты өкілдік қызметінің маңызды бағыттарының бірі техникалық ынтымақтастықты дамыту. ЕҚБ БҰҰ-ның Қазақстан қатысатын халықаралық және өңірлік жобаларының жалпы сомасы 100 млн. доллардан жоғары.

Қазақстан үшін ерекше маңызы бар арнайы бастама Париж пакті болып табылады. Париж пактінің басым шаралары ауған есірткі тасымалы проблемасының әр түрлі салалары бойынша жеті жоспарлық әрекеттерден құралатын «Радуга Стратегиясы» арқылы жүзеге асырылады.

Есірткі құралдары бойынша комиссияның 53-сессиясы барысында қазақстандық делегация заңсыз ауғандық есірткі айналымымен күрес және жаңа «Ауғанстан және транзиттік мемлекеттер арасындағы өңірлік ынтымақтастық пен ортақ және бірлескен жауапкершілік принципі негізінде барлық мүдделі мемлекеттердің есірткіге қарсы күштерінің үлесін нығайту» сияқты бірлескен жобалар жүргізу мақсатында ЕҚБ БҰҰ-ны ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты ұлғайтуға шақырды.

Қазақстан Есірткі құралы бойынша комиссияның БҰҰ-ның есірткі саласындағы ортақ саясатын анықтайтын мүшесі болды. Қазақстан қайтадан 2014-2017 жылдар аралығында Есірткі құралы бойынша комиссияның мүшесі болады.

2013 жылы Есірткі құралы бойынша комиссияның 56-сессиясының «Терроризмді болдырмауда халықаралық ынтымақтастықты нығайту» халықаралық конференциясына ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күресу комитетінің Төрағасы А.Выборов қатысты.

Астанаға 2014 жылы 7-11 сәуір аралығында Қазақстанның БҰҰ Конвенциясының жемқорлыққа қарсы ережелерін жүзеге асыру бағытына шолу жасау үшін Пәкістан және Катар елдерінің сарапшылары келді. БҰҰ Басқармасының есірткі және қылмыстылық бойынша шолу түйіндемесі әзірленіп, Үкіметаралық жұмыс тобының 2014 жылдың маусымында болатын кезекті отырысына шығарылады.