Размер шрифта
Цвета сайта

ЮНФПА Қазақстан Республикасындағы өз қызметін 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-на кіргеннен кейін бастады. Біздің қызметіміздің негізгі міндеті ана денсаулығын жақсарту және әйелдер, жастар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту үшін нәпсіқұмарлық және репродуктивтік денсаулық пен репродуктивтік құқықтарды қорғауға жәрдемдесу арқылы даму саласындағы мыңжылдықтың бесінші мақсатына қолжеткізуге көмек көрсету болып табылады. 2011-2015 жылдарға арналған ЮНПФА қолдау бағдарламасы ұлттық басымдықтарға негізделген. Ол 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасын, 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын және басқа да саяси мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеседі.

ЮНФПА күш-жігері тұрғын халық және даму жөніндегі халықаралық конференцияның Іс-қимылдар бағдарламасын, оның ішінде Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің (2009 ж) тиісті бөлімін және бірқатар Үкімет қаулыларын орындауға ықпал ететін заңнаманы әзірлеу және қабылдауға жірдемдесті. 2000 жылдан бастап ЮНФПА 2006 және 2010 жылдардағы мультииндикаторлы кластерлік зерттеу нәтижелері туралы және 2002, 2005, 2007 және 2010 жылдарға арналған мыңжылдық мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс туралы баяндамаларды қоса алғанда, шамамен 20 талдау баяндамаларын жасауға үлесін қосты.
Акушерлік көмек, отбасын жоспарлау, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, АИТВ-тің берілуінің алдын алу, сияқты салалар үшін халықаралық сараптаманы беру, теңді теңімен оқыту, гендерлік зорлыққа қарсы әрекет ету, демографиялық талдау, халық және гендерлік статистика жазбасы үшін карта жасау арқылы 2000-нан астам саясатшылар, кәсіпқойлар және ҮЕҰ өкілдері оқудан өтті. БҰҰ басқа агенттіктерімен бірлескен бағдарламалар шеңберінде бұрынғы Семей ядролық полигонын оңалтуды қамтамасыз ету үшін ерекше күш-жігер қабылданды. Аналарға сапалы көмек көрсету, дәлелдемелі медицина бойынша ақпаратқа қолжеткізудің үлгілері және репродуктивті денсаулықтың тұрақты болуын қамтамасыз ету сұлбалары жасалды.
ЮНФПА тиімді перинаталдық технологияларды енгізу бойынша көмек көрсету жолын жасады, оларды қолдану босану кезінде және босанудан кейінгі уақытта ауыр қан ағудың жиілігін екі есеге дейін азайтуды қамтамасыз етті. Елдегі ана өлімін тұрақты азайту – перинаталдық аймақтандыруды енгізудің, жүктілікті жүргізуге дәлелді тәсілдердің ана өлімі мен қиын жай-күйге құпия аудитті жүргізудің нәтижесі болып табылады, бұған ЮНФПА көмек көрсетті.