Размер шрифта
Цвета сайта

БҰҰ Орталық Азияға арналған алдын алу дипломатиясының өңірлік орталығы (БҰҰ АЛӨО) қазіргі және ықтимал қауіпті анықтау және әрекет ету мен өңірдегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейту үшін бес Орталық Азия елдері үкіметтерінің бастамасы бойынша құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған саяси миссиясы болып табылады.

Орталық 2007 жылғы желтоқсанда Ашхабадта құрылды және 2008 жылғы маусымда толық ауқымды қызметіне кірісті. Содан бері іске асырылып отырған іс-шаралар Орталық Азиядағы қауіпсіздікке ықпалын ескере отырып таңдап алынған негізгі басым бағыттарды көрсетті. Олар терроризм, экстремизм, ұйымдасқан қылмыс және соның ішінде есірткінің заңсыз айналымы, экологиялық тозу және трансшекаралық су-энергетика ресурстарын басқару және Ауғанстандағы жағдай контекстінде өңірлік қауіпсіздік сияқты трансұлттық қауіптерді қамтиды.
2010 жылдың ортасында Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азияның барлық елдерінде өз өкілдіктерін ашты. Осы қадам екі жақты және жан-жақты консультацияларды, сондай-ақ, пікірлерді тұрақты алмасу үшін тұғырнама ретінде әртүрлі пішіндегі көптеген іс-шараларды ұйымдастыруда агенттіктің әлеуетін күшейтті. Мәселен, Орталық халықаралық су құқықтары және Орталық Азиядағы өзара тиімді су келісімдері бойынша келіссөздер бойынша бірқатар халықаралық семинарларды өткізді. Терроризмге қарсы әрекет саласындағы ынтымақтастықты күшейту мақсатында Орталық БҰҰ Ғаламдық Контртеррористік Стратегиясын іске асыруға арналған бірқатар сарапшылық және ведомстволық кездесулерді ұйымдастырды. Аталған іс-шаралар бірлескен іс-қимыл жоспарын және осы бастамаларда оған көмекке шақыратын,сондай-ақ іс–қимылдар жоспарын іске асыруға қолдау көрсетуді ұсынатын бірлескен декларацияны қабылдауға ықпал етті.
Өзінің өңірлік мандаты шеңберінде БҰҰ АЛӨО Орталық Азия елдері және Ауғанстан арасында екі жақты және өзара тиімді ынтымақтастық үшін тұғырнаманы ұсынады. Бұдан басқа, бейбітшілік пен тұрақты дамуға қыр көрсетулерді еңсеру бойынша ішкі әлеуетті күшейту мақсатында Орталық бес Орталық Азия елдерінің жас дипломаттары үшін алдын алу дипломатиясының тренингтерін тұрақты ұйымдастырады.
Өз қызметін іске асыруда Орталық БҰҰ елдік командаларымен тығыз байланысты ұстайды, сондай-ақ өңірде белсенді жұмыс істеп отырған басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдармен (ЕЫҚҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, Евродақ, ОДКБ, НАТО, ЭЫҰ, ХВҚ, ФАО, Бүкіләлемдік банк және т.б.) ынтымақтасады. Күштерін біріктіру мақсатында Орталық сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде тұрақты кездесулер шеңберіндегі Орталық Азияның бес елінің үкіметтерімен тығыз ынтымақтастықта өз қызметін жүзеге асырады.
Орталық жұмыс істеуінің басынан бастап-ақ Қазақстан тарапынан өз қызметіне қолдауды тұрақты сезінді. Қазақстан БҰҰ АЛӨО барлық негізгі іс-шараларына белсенді қатысты және трансшекаралық су және терроризмге қарсы әрекет бойынша бастамалар шеңберінде ұйымдастырылған ірі халықаралық форумдарда қабылдаушы тарап ретінде көрінді. 2009 жылғы сыртқы істер министрлері орынбасарларының тұрақты кездесуі Қазақстанда да өткізілді.
Бір жағынан диалог жасау және бітімгерлікке қолжеткізу арқылы және екінші жағынан, көмекті жұмылдыру және халықаралық қолдау арқылы Орталық барлық Орталық Азия елдерімен консультация алумен(2012-2014) арналған Іс-қимылдар бағдарламасын негізге ала отырып, өз қызметін жалғастыратын болады.