Размер шрифта
Цвета сайта

Еріктілік – даму қарқынын жылдамдата және оның мазмұнын өзгерте алатын даму мәселелерін шешудегі адамдарды тартудың күшті құралы болып табылады.

UNV бағдарламасы әлемнің 130-дан астам елінде еріктілік арқылы даму нәтижелерін көрсетеді. UNV бағдарламасының салыстырмалы артықшылығы ол өзіне қоғамдастықтың және азаматтық белсенділіктің волонтерлік акцияларын, азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастықты, сондай-ақ БҰҰ агенттіктері мен үкіметтер бастама жасаған волонтерлермен ынтымақтастықты қамтитын еріктілік арқылы трансформациялық өзгерістерді енгізу үшін тәжірибе мен білімді ұсыну мүмкіндігіне негізделген.
Қазақстанда UNV бағдарламасы 1993 жылы басталды және негізгі екпін жергілікті тұрғындардың әлеуетін арттыруға ықпал ету арқылы тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталған. UNV бағдарламасының сексеннен астам халықаралық еріктілері 1993 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істеді және UNV бағдарламасының елуден астам ұлттық еріктілері 1999 жылы қаңтарда UNV бағдарламасының ұлттық сұлбасын қабылдаудан бастап жұмыс істей бастады.
БҰҰ халықаралық және ұлттық еріктілері Үкіметтік емес ұйымдарды, шағын және орта бизнесті дамыту, микрокредиттеу, қоршаған ортаны қорғау, білім, ауыл шаруашылығы, алғашқы медициналық көмекті үйлестіру, ауыз су және таза су салаларын қоса алғанда, бірнеше кәсіби салаларда жұмыс істеді. Жобалау менеджерлері, адам құқықтары жөніндегі мамандар, бағдарламашылар, қаржы мәселелері және басқару жөніндегі мамандар, сондай-ақ, еріктілікті дамыту мәселелері бойынша мамандар да шақырылды. Бұдан басқа, UNV бағдарламалары жергілікті мамандарды БҰҰ еріктілері ретінде шетелге жібереді, онда олар халықаралық тәжірибені алады және өз білімдерімен бөлісе алады.
Мен, Қазақстанның тәуелсіздіктің өткен жиырма жылы ішінде еріктіліктің негізі болып табылатын мұқтаждарға қолдау көрсетуде біршама әлеуметтік белсендіге айналғандығына қуанышты екендігімді атап өткім келеді.