Размер шрифта
Цвета сайта
 
 Cuba
 

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 24 наурыз – Қазақстан мен Куба арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1993 жылы Қазақстанда Куба Елшілігі ашылды.

2013 жылғы 22 қазаннан бастап Қазақстандағы Куба Елшісі Карлос Энрике Валдес де ла Консепсион болды.

2013 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Константин Жигалов Қазақстанның Кубадағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы.  (Оттава қ. резиденциясымен).

Саяси ынтымақтастық

2011 жылғы 3-6 мамыр – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Омаровтың Кубаға жасалған сапары барысында сімаралық консультациялар өткізіліп, сондай-ақ басқа министрліктер және  ведомстволармен кездесуі өтті.

2013 жылғы 25 қыркүйек – БҰҰ-ның 68 Бас Ассамблеясының аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Кубаның Сыртқы істер министрі Б.Родригеспен кездесті.

2014 жылғы 6 маусым – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Ашықбаевтың Кубаға сапары өтті. Сапардың барысында сімаралық консультациялар өткізіліп, сондай-ақ түрлі министрліктер мен ведомстволар, соның ішінде Кубаның Сыртқы істер министрі Б.Родригеспен кездесуі өтті.

2015 жылғы 29 маусым – Куба Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Сиерра Диастың сапары өтті. Сапардың барысында сімаралық консультациясар өткізіліп, сондай-ақ түрлі министрліктер мен ведомстволар басшыларының кездесулері ұйымдастырылды. 

Парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан-Куба» ынтымақтастық тобы жұмыс істейді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 8,6 млн. АҚШ долл. (тек импорт).

Негізгі импорттық тауарлар: спирттік сусындар, темекі өнімі және кофе.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдениет, білім беру және спорт саласындағы ынтымақтастық бірте-бірте дамып келеді.

Қазақстан Республикасындағы Куба Елшілігінің қолдауымен жүйелі түрде іс-шаралар өтіп тұрады (кубалық суретшілердің көрмесі, Астана қаласының испан тілділер конференциясы, кубалық сальса аптасы және т.б.), қазақстандық және кубалық спортшылардың арасындағы байланыстар нығайып келеді (Астанада Куба мен Қазақстан боксшыларының достық матчі өтті, кубалық боксшылар Қазақстанда өтетін турнирлерге әрдайым қатысып тұрады).

Сондай-ақ білім беру саласында да ынтымақстастық алға қойылып келеді. 2014 жылғы ақпанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ә.Ғалымованың Гавана қаласына жоғары білім бойынша 9-шы Халықаралық «Универсиада-2014» съезіне қатысу мақсатында жасаған сапары барысында Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2008 жылғы 31 тамызда Куба аумағын жайлаған «Густав» дауылынан кейін, елде ауыр экономикалық жағдай орын алды. ҚР Үкіметі қаржылай көмек жіберді.  

Шарттық-құқықтық база

Мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық келісімдер

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы екі ел азаматтарының өзара сапарлары туралы келісім (дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босатуды ұсынатын; 2000 жылғы 17 наурыз, Астана қ., 2005 жылғы 10 қаңтарда күшіне енді).

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (2000 жылғы 28 қаңтар, Астана қ., 2009 жылғы 13 қаңтарда күшіне енді).

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың қысқа мерзімдік визасыз сапары туралы келісім (2015 жылғы 16 желтоқсан, Қазақстан, Гавана қ. Куба; Келісімнің күшіне енуі бойынша мемлекеттердің ішкі рәсімдері жалғасуда).

Ведомствоаралық құжаттар

- ҚР СІМ мен Куба Республикасының СІМ арасындағы консультациялар туралы хаттама (1995 жылғы 4 қаңтар, Гавана қ.);

- ҚР СІМ мен Куба Республикасының СІМ арасындағы саяси консультациялар туралы хаттама (2006 жылғы 15 қыркүйек, Гавана қ.);

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Куба Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандум     (2014 жылғы 12 ақпан, Гавана қ.);

- Куба Республикасы Ұлттық спорт, дене тәрбиесі және демалыс институты мен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі арасында спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2014 жылғы 4 сәуір, ҚР, Астана қ.).