Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1993 жылғы 19 тамыз – Қазақстан мен Чили арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2010 жылдың қарашасынан – Қазақстандағы Чили Елшісі қызметін қоса атқарушы болып Хуан Эдуардо Эгигурен тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық

2012 жылғы 27 тамыз – Чили Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ф.Шмидтің Астана қаласына сапары өтті.

2013 жылғы 30 қыркүйек – сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Сантьяго қаласына сапары өтті. Келіссөздер нәтижесінде Сыртқы істер министрінің орынбасары, СІМ Басшысының міндетін атқарушы А.Силвамен екіжақты келісімге қол қойылып, сонымен қатар екі ел азаматтарының визасыз саяхат жасауына мүмкіндік беретін келісім жасасуға келісті.  Министр Е.Ыдырысовтың сапары барысында Чили Президенті С.Пиньерамен, Тау-кен өндіру өнеркәсібінің министрі Х.Солминихакпен, Энергетика министрі Х.Бунстермен және Шетелдік инвестициялар комитетінің вице-президенті М.Моримен кездесуі өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 жылғы сауда айналымының көлемі 12,6 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт - 828 мың.долл. импорт - 11,8 млн.долл) .

Негізгі импорттық тауарлар: жемістер, көкөніс дақылдары, молибден рудалары мен концентраттар.

Шарттық-құқықтық база

Мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық келісімдер

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чили Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттама(1993 жылғы 19 тамыз, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы).

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чили Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, қызметтік, және ресми паспорты бар адамдарды визалық талаптардан босату туралы келісім (2013 жылғы 30 қыркүйек, Сантьяго қаласы, Чили жағынан келісімді күшіне енгізу тәртібі жалғасуда).

Ведомствоаралық құжаттар

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Чили Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік және саяси консультациялар орнату туралы меморандум (2013 жылғы 30 қыркүйек, Сантьяго қаласы).