Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 23 шілде – Қазақстан мен Колумбия арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

Саяси ынтымақтастық

2012 жылғы 15 қазан – Астана қаласында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қ. Омаров пен Колумбия Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Лондоньоның тең төрағалығымен алғаш рет Қазақстан-Колумбия сімаралық саяси консультациялары өтті.

2013 жылғы 27 қыркүйек – БҰҰ-ның 68-ші Бас Ассамблеясының аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Колумбия Сыртқы істер министрі М.Ольгин арасында кездесу өтті.

2014 жылғы 13 мамыр – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев пен Колумбия Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Лондоньоның тең төрағалығымен екінші рет Қазақстан-Колумбия сімаралық саяси консультациялар өтті (бейнеконференция форматында).

2014 жылғы 3 маусым – Америка мемлекеттері ұйымының 44-ші Бас Ассамблеясы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев пен Қолумбия Республикасының Сырқы істер министрінің орынбасары М.Ольгиннің кездесуі өтті.

2015 жылғы 16 маусым - Америка мемлекеттері ұйымының 45-ші Бас Ассамблеясы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев пен Қолумбия Республикасының Сырқы істер министрінің орынбасары Ф. Эчверридің кездесуі өтті.

Сауда-экономикалық қатынастар

2015 жылда екіжақты сауда айналымының көлемі 5,1 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 512,4 мың долл., импорт – 4,7 млн. долл.).

Негізгі экспорттық тауарлар: механикалық жетектегі станоктарға арналған ауыспалы жұмыс элементтері.

Негізгі импорттық тауарлар: жаңадан кесілген гүлдер мен гүл шоқтары, сәндік және сирек кездесетін өсімдіктер.

2011 жылғы 17-18 қазан – Колумбияның сауда, өнеркәсіп және туризм министрінің орынбасары Г.Дукенің басшылығымен Колумбия делегациясының Астана қаласына сапары өтті.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2012 жылғы 4-5 қазан – Астанада «Қазақстан мен Колумбия арасындағы бір қадам» атты мастер-класстар өтіп, танымал колумбиялық “SwingLatino” би ансамблінің өнер көрсетуі болды.

2013 жылғы 6-7 мамыр – Астанада осы жобаның аясында кезекті мастер-класстар өткізілді және танымал колумбиялық “Delirio” би ансамблінің  өнер көрсетуі болды.

Қазақстан мен Колумбия арасында халықаралық қауіпсіздік және есірткімен күрес саласында ынтымақтастық орнатылды. Тәжірибе алмасу туралы келісім шеңберінде 2013 жылы Богота қаласына қазақстандық қауіпсіздік күштерінің сапары өтті, 2014 жылы колумбиялық әріптестердің Астана қаласына қарымта сапары өтті.

Шарттық-құқықтық база

Мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық келісімдер

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Колумбия Республикасының Сыртқы істер минитрлігі арасындағы өзара саяси консультациялар туралы меморандум (2012 жылғы 16 ақпан, АҚШ, Нью-Йорк қаласы).

Басқалар

2013 жылғы 22 қазанда Колумбия Сыртқы істер минситрлігінің №6588 қарары күшіне енді, ол бойынша Колумбия аумағына енетін Қазақстан азаматтары визалық талаптардан босатылады.