Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

2012 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан мен Эквадор арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

Саяси ынтымақтастық

2013 жылғы 25 қыркүйек – БҰҰ-ның 68-ші Бас Ассамблеясының аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Эквадордың Сыртқы істер министрі Р.Патиньо  арасындағы кездесуі барысында дипломатиялық, қызметтік паспорты бар адамдарды және Қазақстан мен Эквадор азаматтарын визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды.

2014 жылғы 4-6 шілде – Эквадордың Сыртқы істер министрі Р.Патиньоның Астанаға сапары өтті. ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов жүргізілген келіссөздер нәтижесінде саяси консультациялар туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, сапар барысында Сенат төрағасы Қ.Тоқаевпен, Премьер-министр К.Мәсімовпен, ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Н.Каппаровпен және ҚР Мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалинмен кездесулер өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 жылы екіжақты сауда айналымы 30,7 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 58 мың АҚШ долл., импорт – 30,6 млн. АҚШ долл.).

Негізгі импорттық тауарлар: банандар, экзотикалық гүлдер, көшеттер, тұқымдар.

Негізгі экспорттық тауарлар: құрылыс құралдары. 

Шарттық-құқықтық база

Мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық келісімдер

- Қазақстан Республикасы мен Эквадор Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатудағы өзара түсіністік туралы меморандум (2012 жылғы 23 қаңтар, АҚШ, Нью-Йорк);

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эквадор Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорты бар адамдарды және Қазақстан Республикасы мен Эквадор Республикасының азаматтарын визалық талаптардан босату туралы келісім (2013 жылғы 25 қыркүйек, Нью-Йорк қ., АҚШ).

Ведомствоаралық құжаттар

- Қазақстан Республикасының СІМ мен Эквадор Республикасының СІМ арасындағы саяси консультациялар орнатудағы өзара түсіністік туралы меморандум (2014 жылғы 4 шілде, Астана қ., Қазақстан).