Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 13 сәуір – Қазақстан мен Мексика арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2015 жылғы мамырдан бастап Қазақстандағы Мексика Елшісі болып Марта Елена Федерика Кокю болып табылады (Анкара қ. резиденциясымен).

2015 жылғы тамыздан бастап Мексикадағы Қазақстанның Елшісі болып Андриан Елемесов болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

2011 жылғы шілде – ҚР СІМ Жауапты хатшысы Р.Жошыбаевтың Мехико қаласына сапары өтті, оның барысында Мексиканың Сыртқы істер министрлігімен кездесуі болды.

2013 жылғы 7 сәуір – Қытайда өткен Боао азиаттық форумы аясында ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Мексика Президенті Э.Пенья Ньетоның кездесуі өтті, оның барысында тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

2014 жылғы 4 маусым - Америка мемлекеттері ұйымының 44-ші Бас Ассамблеясы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев пен Мексика Сыртқы істер министрінің орынбасары В.Рубио Маркестің кездесуі өтті.

2013 жылғы 5 қыркүйек – Ресей Федерациясында «G20» Саммиті аясында  ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Мексика Президенті Э.Пенья Ньетоның кездесуі өтті.

2014 жылғы 17-19 қыркүйек – ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Мексикаға ресми сапары өтті. Келіссөздер нәтижесінде Мексиканың Сыртқы істер министрі А.Меадемен Дипломатиялық және қызметтік паспорты бар адамдарға визалық талаптарды жою туралы келісімге, Саяси консультациялар туралы меморандумға, Дипломатиялық академиялар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сапар барысындағы Министр Е. Ыдырысов пен Мексиканың Экономика министрі И.Вильяреалемнің кездесуі және «KazNex Invest» және «ProMexico» агенттіктерінің бірігіп ұйымдастырған Қазақстан-Мексика бизнес-семинары маңызды іс-шаралар болды.

2015 жылғы 17 маусым - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Ашықбаевтың Мехико қаласына сапары өтті. Сапар барысында Мексика СІМ басшылығымен кездесулер өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Мексика Қазақстанның Латын Америкасындағы Бразилиядан кейінгі екінші ең ірі сауда әріптесі болып табылады. 2015 жылғы екіжақты сауда айналымының көлемі 66,7 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 302 мың долл., импорт – 66,4  млн. долл.).

Негізгі экспорттық тауарлар: машиналар мен механикалық құрылғылар.

Негізгі импорттық тауарлар: металл құбырлар, электрлік қозғалтқыштар мен генераторлар, медициналық құрылғылар, ауа және вакуумдық сорғылар, тракторлар, жеңіл автокөліктер және басқа да моторлы тасымал құралдары, байланыс құралдары, молибден рудалары, спирттік сусындар, дәрілік заттар, қорғасын кендері, сонымен қатар керек-жарақ заттар, химиялық өндіріс заттары, тұрмыстық химия, тамақ өндірісі өнімдері.

Шарттық-құқықтық база

Мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық келісімдер

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мексика Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, қызметтік, және ресми паспорты бар адамдарды визалық талаптардан босату туралы келісім (2014 жылғы 18 қыркүйек, Мексика, Мехико қ., Келісімнің күшіне енуі туралы рәсімдер жалғасуда).

Ведомствоаралық құжаттар

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Мексика Құрама Штаттарының Сыртқы істер министрлігі арасындағы  өзара түсіністік және саяси консультациялар орнату туралы меморандум (2014 жылғы 18 қыркүйек, Мексика, Мехико қ.)