Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1993 жылғы 30 шілде – Қазақстан мен Уругвай арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2011 жылдан бастап Қазастанда Уругвайдың Құрметті консулы А.Төлемісов аккредиттелді.

2013 жылғы 27 қарашадан Қазақстандағы Уругвай Елшісі қызметін қоса атқарушы болып Анибаль Кабраль Ситамербе тағайындалды.      (Мәскеу қ. резиденциясымен)

Саяси ынтымақтастық

2014 жылғы 4 маусым – Америка мемлекеттері ұйымының 44 Бас Ассамблеясы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаевтың Уругвайдың Сыртқы істер министрі Л.Алмагро Лемеспен кездесуі өтті.

2014 жылғы 24 қыркүйек – БҰҰ-ның 69 Бас Ассамблеясының аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Уругвайдың Сыртқы істер министрі Л.Алмагро Лемес арасында кездесу өтті. Келіссөздер нәтижесінде ҚР СІМ мен Уругвай СІМ арасында саяси консультациялар туралы меморандумға қол қойылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2013 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 6,5 млн. АҚШ долл. құрады (тек импорт).

Негізгі импорттық тауарлар: мұздатылған ет пен сүт өнімдері.

Шарттық-құқықтық база

Мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық келісімдер

Қазақстан Республикасы мен Шығыс Уругвай Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату туралы бірлескен коммюнике (1993 жылғы 30 шілде).

Ведомствоаралық құжаттар

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Шығыс Уругвай Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы саяси консультациялар туралы өзара түсіністік меморандумы (2014 жылғы 24 қыркүйек, АҚШ, Нью-Йорк).