Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1996 жылғы 8 мамыр – Қазақстан Республикасы мен Венесуэла Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2012 жылғы 18 маусым – Астанада Венесуэланың Уақытша сенімді өкілі Хосе Мигель Муньос Рохастың басшылығымен Дипломатиялық миссия ашылды.

Саяси ынтымақтастық

2014 жылғы 4 маусым - Америка мемлекеттері ұйымының 44 Бас Ассамблеясы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев пен Венесуэла Сыртқы істер министрлігінің басшысы Э.Хауамен кездесуі өтті.

2015 жылғы 16 қаңтар – Венесуэланың Сыртқы істер министрі Д.Родригес пен Венесуэла Мұнай және тау-кен өндірісі министрі А.Чавестің Астана қ. сапары өтті. ҚР СІМ Басшысы Е.Ыдырысовпен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде сімаралық саяси консультациялар туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, сапар барысында венесуэлалық делегецияның ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовпен және Энергетика министрі В.Школьникпен кездесуі өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 2,6 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,5 мың долл., импорт – 2,6 млн. АҚШ долл.).

Негізгі импорттық және экспорттық тауарлар: қара металлдан жасалған бұйымдар.

Шарттық-құқықтық база

- Қазақстан Республикасы мен Боливарлық Венесуэла Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуы туралы хаттама (1996 жылғы 8 мамыр, АҚШ, Нью-Йорк қ.).

 - Қазақстан Республикасы СІМ мен Боливарлық Венесуэла Республикасы СІМ арасындағы саяси консультациялар орнату тетіктері  туралы өзара түсіністік меморандум (2015 жылғы 16 қаңтар, ҚР. Астана қ.).