Размер шрифта
Цвета сайта

 

 Argentina

 

Жалпы мәліметтер

1993 жылғы 25 маусым – Қазақстан мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2014 жылғы 7 қазаннан бастап – Қазақстандағы Аргентина Елшісі қызметін қоса атқарушысы Пабло Ансельмо Теттаманти (Мәскеу қ. резиденциясымен).

Саяси ынтымақтастық

2006 жылғы 19 қыркүйек – БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 61 Сессиясының аясында ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев пен Аргентинаның Сыртқы істер министрі Х.Тайананың кездесуі өтті.

2010 жылғы 2 қараша – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Омаровтың   Буэнос-Айрес қаласына сапары өтті.

2013 жылғы 18 сәуір – Аргентина сыртқы істер министрінің орынбасары Э.Суаин бастаған делегацияның Астанаға сапары өтті.

2013 жылғы 5 қыркүйек – Ресей Федерациясында өткен «G20» Саммиті аясында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Аргентина Президенті К.Киршнермен кездесуі өтті.

2013 жылғы 1 қазан – ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Буэнос-Айрес қ. сапары өтті. Сапар барысында вице-президент, Аргентина Сенатының Спикері А.Будумен, Депутаттар палатасының төрағасы Х.Домингеспен, Аргентинаның Сыртқы істер министрі Э.Тимерманмен, сондай-ақ Аргентинаның іскерлік ортасының өкілдерімен кездесуі өтті.

2014 жылғы 29-30 мамыр – Аргентинаның Сыртқы істер министрі Э.Тимерманның Астана қаласына қарымта сапары өтті. ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен болған келіссөздер нәтижесінде Азаматтардың визасыз сапары туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, сапар барысында Сенат төрағасы Қ.Тоқаевпен және Премьер-министр К.Мәсімовпен кездесулері өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 22,7 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 5,1 мың долл.,импорт – 17,6 млн. долл.).

Негізгі экспорттық тауарлар:  жануар және өсімдік текті өнімдер, азық-түлік және металл өнімдері, олардан жасалған бұйымдар.

Негізгі импорттық тауарлар:  қант, сахароза, қара металлдан жасалған құбырлар, күнжара, ірі қара мал еті.

Шарттық-құқықтық база

Мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық келісімдер

- Қазақстан Республикасы мен Аргентина Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы хаттамасы (1993 жылғы 25 маусым, АҚШ, Нью-Йорк қ.).

-  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аргентина Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорты бар адамдарды визалық талаптардан босату туралы келісім (2013 жылғы 1 қазан, Буэнос-Айрес қ., 2014 жылғы 25 ақпанда күшіне енді).

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аргентина Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Аргентина Республикасы азаматтарының қысқа мерзімдік визасыз сапары туралы келісім (2014 жылғы 30 мамыр, Қазақстан, Астана қ., 2014 жылғы 31 қазанда өз күшіне енді).

Ведомствоаралық құжаттар

- Қазақстан Республикасының СІМ мен Аргентина Республикасының СІМ арасындағы саяси консультациялар орнатудағы өзара түсіністік туралы меморандум (2013 жылғы 1 қазан, Буэнос-Айрес қ., Аргентина).