Размер шрифта
Цвета сайта

 

USA

Жалпы мәлімет

1991жылы 25 желтоқсан - Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының мемлемекеттік егемендігін таныды.

1991 жылы 26 желтоқсан – дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1992 жылы 15 қыркүйек – АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі ашылды.

1992 жылы 30 қазан - ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі ашылды.

2009 жылы 14 желтоқсан – Алматыда АҚШ Бас консулдығы ашылды.

2010 жылы 21 қаңтар – Нью- Йорк қаласында ҚР Бас консулдығы ашылды.

2017 жылы 15 ақпаннан бастап – У. Қазыханов ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі болып табылады.

2015 жылдың  18 наурызынан  бастап – Джордж Крол  АҚШ-тың ҚР-дағы Елшісі болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен Америка арасындағы ынтымақтастық 2010 жылы Вашингтонда, 2012 жылы Сеулдағы Ядролық қауіпсіздік саммиттер аясында, 2013 жылғы Санкт-Петербургте өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінің аясында, 2014 жылғы Гаагада өткен Ядролық қауіпсіздік саммитінде және 2015 жылдың қыркүйегінде БҰҰ БА 70-ші сессиясының аясындағы ҚР Президенті Н.НАзарбаев және АҚШ Президенті Б.Обаманың кездесулерінің нәтижесінде жеткізілген келісімдермен айқындалады.

ҚР және АҚШ Басшылары жаһандық және аумақтық қауіпсіздікті, ядролық қаруды таратпаушылық, экономика мен сауда салаларындағы ықпалдастық, инвестиция тарту, энергетика, ғылым және технология мәселелерін  екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары ретінде анықтаған.

2012 жылдан бастап сыртқы саяси мекемелердің басшыларының төрағалығымен Стратегиялық әріптестік бойынша комиссия әрекет етеді. Комиссияның екіжақты күн тәртібінде негізгі орынды саяси және сауда-экономкиалық ынтымақтастық, жаһандық және аумақтық  қауіпсіздік мәселелері бойынша ықпалдастық, энергетика, ғылым және техника, демократиялық даму және т.б тақырыптар алады. СӘК кезекті 4-ші отырысы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Дж. Керридің 2015 жылғы 2 қарашадағы Астанаға ресми сапары барысында өтті.

Тұрақты түрде жоғарғы деңгейдегі байланыстар жүзеге асуда. Мысалы 2015 жылы ресми іссапармен АҚШ-қа ҚР Премьер – министрі К. Мәсімов, ҚР Бас Прокуроры  А. Дауылбаев, ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы К. Келімбетов, ҚР Қаржы министрі Б. Сұлтанов, ҚР Ұлттық экономика министрі Е. Досаев, ҚР Ауыл шаруашылық министрі  А. Мамытбеков және Қазақстанның ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталу шегінде Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Ж. Айтжанова барған.

Астана экономикалық форумына қатысу үшін Мемлекеттік хатшының әскери-саяси мәселелер жөніндегі Бірінші орынбасары Т. Чапман, Мемлекеттік хатшының экономика және бизнес мәселелері жөніндегі Бірінші орынбасары К. Тонг (21-23 мамыр), Астанада бизнес форум өткізу үшін АҚШ Сауда министрінің орынбасары А. Кумардың басшылығымен 20 америкалық компаниялардың делегациясы (30 мамыр-2 маусым), Әлемдік және дәстүрді дін көшбасшыларының 5-ші съезіне қатысу үшін Дін және жаһандық мәселелер бойынша арнайы өкіл Ш. Кейси (10-11 маусым), Зорлық экстремизмге қарсы күрес бойынша аумақтық конференциясына (29-30 маусым) қатысуы үшін АҚШ Кедендік-шекаралық қызметтік басшысы  Дж. Керликовски, ҚР аумағында МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру туралы шартқа қол қою рәсіміне (27-28 тамыз) қатысу үшін Мемлекеттік хатшының халықаралық қауіпсіздік және таратпаушылық бойынша көмекшісі Т. Кантримен, Қорғаныс министрінің көмекшісі Д. Шир (3-4 қыркүйек), Энергетикалық мәселелер жөніндегі Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары М. Уорлик (29-30 қыркүйек) Қазақстанға келген. 

1-2 қарашада АҚШ Мемлекеттік хатшысы Дж. Керри Қазақстанға сапары барысында  ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, Премьер-Министрі К.Мәсімовпен, ҚР Сыртқы істер министрімен (СӘК отырысы) кездесулер өткізді, Қазақстандағы АҚШ Елшілігіне, «Хазірет Сұлтан» мешітіне, локомотив зауытына («ҚТЖ» АҚ мен «General Electrics» ортақ жобасы) барып, Назарбаев Университетінде лекция оқыды.

2015 жылғы 8 желтоқсанында Вашингтонның жетекші «ақылмандар орталығы» АҚШ Бейбітшілік институтында 3-ші Қазақстан-америкалық конференциясы өтті. Оның барысында АҚШ Конгрессі мүшелерінің қатысуымен таңғы ас, «Жібек жолы» және «ЭКСПО-2017» тақырыптарына панельдік сессия, Қазақстанның ДСҰ-на кіруіне арналған бизнес-ланч, Америка-қазақстандық іскерлік қауымдастығының және АҚШ Сауда Палатасының өкілдері қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қазақстандық тарапты Экономикалық Интеграция істері жөніндегі министрі Ж.Айтжанова бастады. Делегация құрамына Ауыл шаруышылық Вице-министрі Е. Көшербаев, Ұлттық экономиканың Вице-министрі А. Арифханов, ҰКП «Атамекен» АҚ өкілдері, «ҰК АСТАНА ЭКСПО-2017», «ҰАК КАЗАТОМПРОМ» АҚ, «Самрук-Энерго», АҚ, «ДАМУ ӨДҚ» және т.б кірді. Америкалық тараптан іс-шараға АҚШ Конгрессінің 13 мүшесі, «Ақ үйдің», Мемлекеттік департаменті, Сауда министрлігінің басшылығы және америкалық бизнестің, ғылыми және сарапшылар ортасы, казақ диаспорасы және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Халық Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Мицва» ҚР еврей ұлттық ұйымдар қауымдасты кеңесінің төрағасының, ҚХА мүшесі А. Баронның АҚШ-қа сапары ұйымдастырылды (10 маусым). Оның сайлау бойынша сайлау компанияларының ұлттық комитетінің төрағасы конгрессмен С. Израилмен, Өкілдер палатасының Барлау бойынша тұрақты комитеттің төрағасы конгрессмен А. Шиффпен, Өкілдер Палатасының Халықаралық қатынастар бойынша комитетінің төрағасы Э. Энгелмен және осы комитет мүшесі конгрессмен Т. Дойчеммен, Антисемитизммен күрес және бақылау бойынша арнайы уәкілмен кездесулерінің нәтижесінде ұлтаралық және конвессиялар арасындағы үйлесімділіктің, толеранттылықтың қазақстандық үлгісіне жоғарғы баға берілген.

Аумақаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Атырау қаласының әкімі Н.Ожаевтың басшылығымен Атыраулық делегациясы Әлемдік энергетикалық қалалар әріптестігіне қатысу мақсатында және Атырау мен Хьюстон арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумын жасау үшін жіберілген.

АҚШ Конгрессімен ынтымақтастық мемлекетаралық қатынастардың басты бөліктерінің бірі болып табылады. Жақсы ниеттенген америкалық Конгресстің мүшелері Конгрессте екіжақты қатынастарды нығайтуды қолдайтын сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының ядролық таратпаушылық және МАГАТЭ қамқорлығымен ТБУБ орналастыру мәселесіндегі үлесін ерекше атап өтеді.

2015 жылғы 14 шілдеде АҚШ Конгрессінің Сыртқы істер бойынша комитетінің мүшелері және Европа, Евразия және жаңа тегеуріндер істері бойынша комитетінің мүшелері Д. Рорабаккер мен Г. Микс АҚШ Конгрессіндегі «Қазақстан бүгін: өзгеріп жатқан геосаяси жағдайдағы тегеуріндер» тақырыбындағы брифингте негізгі спикер ретінде сөз сөйлеп, екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және парламентаралық қатынастарды кеңейтуді қолдады.  Сондай-ақ, Д. Рорабакер Өкілдер палатасының тиісті комитеттің қарауына Джексон-Вэниктің түзетуінің күшін жою туралы заң жобасын берді.

Әскери ынтымақтастық саласында Бесжылдық ынтымақтастық жоспарының жүзеге асырылу жүріп жатыр. Ол қойылған мақсаттарға жетудің ықпалды құралына айналды.Төртінші жоспарға (2017-2021 ж.) қол қою 2016 жылға жоспарланған. Бітімгершілік саласындағы ықпалдастық, әскери жаттығуларда қатысу, кадр дайындау күшейіп жатыр. Осылайша америкалық тараптың қолдауымен «Казбриг» жақсы дайындалған бітімгер бөлімше құрылды.

Құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық шегінде терроризм және эктремизммен күрес желісі белсенді дамыды. 2015 жылғы ақпанда ҚР Бас прокуроры А.  Дауылбаевтың басшылығымен қазақстандық делегация Вашингтон қаласында өткен Зорлық экстремизммен күрес саммитіне қатысты (CVE - Countering Violent Extremism). Оның жалғасы Астана қаласында  Орталық және Оңтүстік Азия елдері үшін аумақтық конференция  29-30 маусымда өткен. Б. Обаманың төрағалығымен 29 қыкүйекте Нью-Йорк қаласында өткен CVE бойынша Саммитіне ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуы бұл саладағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңі болды.

Америкалық тарап Қазақстанның ядролық таратпаушылық саласын дамытудағы үлесін үнемі жоғары бағалап, өзге мемлекеттерге үлгі етеді. Әрекет етуші АҚШ Әкімшілігі бұл мәнмәтіндегі қазақстандық бастамалардың бір қатарын қолдайды. Соның ішінде 2015 жылдың сәуірінде АҚШ Сенатының қарауына 2006 жылғы Орталық Азияда  ядролық қарудан бос аумақты құру туралы шартқа негативті гарантиялар туралы хаттама жіберілген. 

АҚШ Қазақстан Ресупбликасында МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкін құруда жәрдем көрсетті (АҚШ Энергетика министрлігі – 49 млн.долл., «Nuclear Threat Initiative» ұйымын құру – 50 млн.долл.) 2015 жылғы 27 тамызда Астана қаласында МАГАТЭ-мен шартқа қол қою рәсіміне Мемлекеттік хатшының көмекшісі Т. Кантриман және сенатор С.Нанн басшылығындағы АҚШ-тың ресми делегациясы қатысты. Кейіннен ол ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қабылдауында болған (27 тамыз).

Америкалық тараптың қаржылай қолдауымен Алматыда Орталық референц-зертхана салынуда.

2015 жылғы 1-4 шілде аралығында «Нанна-Лугара бағдарламасының сыни ауызекі тарихы» жобасының шегінде Қазақстан, Ресей, және АҚШ елдерінен дипломаттар, ғалымдар, сарапшылар қатарындағы Нанна-Лугара бағдарламасының 30 қатысушысы Астанада «Әлемдік қауіпсіздікке төнетін қатерлер: Қазақстанның сабағы» тақырыбына халықаралық семинар

Сауда-экономикалық қарым қатынастар

2015 жылы екіжақты сауда айналымы 1,7 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұл 2014 жылдың 11 айына үшін көрсеткішке қарағанда 19 %;  төмен (2,1 млрд. АҚШ долл.). Қазақстанның АҚШ-қа экспорты 407,7 млн. АҚШ долл. құрады. Бұл 2014 жылдың 11 айына үшін көрсеткішке қарағанда 11,7 % көбірек (368,8 млн. АҚШ долл.).  АҚШ-тан Қазақстанға импорттың көлемі 1,3 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұл 2014 жылдың 11 айына үшін көрсеткішке қарағанда 23,5 % аз (1,7 млрд. АҚШ долл.).

Қазақстанға АҚШ-тың тікелей инвестициялар ағымының жалпы көлемі 2015 жылдың 9 айы үшін 1,8 млрд. долл. құрады. 2014 жылы  АҚШ-тан Қазақстанға тартылған инвестициялар көлемі 4,104 млрд. долл. құрады. Бұл 2013 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 68% көп (2,438).

ҚР аумағында 141-і бірлескен кәсіпорын болып табылатын , 41-і тауар өндірісімен айналысатын, 37-і өзге мемлекетке өнімлерін экспорттайтын америкалық капиталдың қатысуымен әрекет ететін 425-ке жуық компаниялар бар.

2015 жылғы 2 маусымда Астанада АҚШ Сауда министрінің көмекшісі А. Кумардың басшылығындағы 20 америкалық компаниялар және қазақстандық тараптан 200-ге жуық компаниялар қатысқан Қазақстан-америкалық бизнес-форум өтті.

2015 жылғы 28 қыркүйекте Елбасының Нью-Йорк қаласына сапар барысында біздің аумақтағы геосаясат мәселелері бойынша пікір алмасу, ЭКСПО-2017, Астана Халықаралық Қаржы Орталығының, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында ең ірі 34 америкалық корпорациялардың басшыларымен кездесуі өтті.

1993 жылдан бастап жалпы тікелей инвестициялар түсімінің 26 млрд. долл. АҚШ үлесінде (жалпы 195 млрд. ішінде). Америкалық салымдардың негізгі салалары – тау-кен, қозғалмайтын мүлік, кәсіпорындарға қызмет көрсету, қаржы қызметі, мамандандырылған ұйымдар қызметі.

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтеріне сәйкес АҚШ-тың ҚР экономикасына инвестициясының  көлемі Қазақстан Республикасының АҚШ экономикасына инвестициция көлемінен аз. Мысалы 2005 жылдан 2015 жыл аралығында ҚР АҚШ-қа қоржындық инвестиция (қазынашылық облигациялар және акциялар сатып алу) көлемі 39,7 млрд. долл. құрайды. Ал АҚШ-тың ҚР экономикасына аталған кезең бойынша тікелей инвестиция көлемі 24,2 млрд. долл.

Энергетикалық ынтымақтастық саласындағы негізгі екіжақты механизм отырыстары жыл сайынғы тәртіпте өтетін Энергетикалық әріптестік бойынша бірлескен Қазақстан-америкалық комиссиясы болып табылады. Оның қызметі негізгі 4 бағыт бойынша теңдестірілген: ядролық энергетика, көмірсутек ресурстары, энергияның қайта жанданатын көздері және энерготиімділік.

Ғылыми-техникалық ынтымақтастық

2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарының нәтижесінде білім беру, денсаулық сақтау, биотехнология, энергетика, сейсмикалық зерттеулер, су ресурстарын басқару, ақпараттық технологиялар, инженерия және қоршаған орта салаларындағы ынтымақтастықтың дамуында берік негіз болған Қазақстан мен АҚШ Үкіметтері арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Нормативтік-құқықтық базаны кеңейту

2015 жылғы 20 ақпанда ҚР және АҚШ арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қойылу нормативтік-құқықтық базаның  кеңейту саласындағы ілгерілік болып елеулі табылады. Қазақстан АҚШ-пен ондай шартқа отырған Орталық Азияның бірінші және ТМД бойынша үшінші (РФ және Украинадан кейін) мемлекет болды.,

2015 жылы Қазақстан 1992 жылғы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы америкааралық конвенциясын, 1993 жылғы Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы  америкааралық конвенциясын ратификациялады. Сондай-ақ, Экстрадиция туралы америкааралық конвенциясын ратификациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Білім беру

АҚШ «Болашақ» бағдарламасының степендиаттарының саны бойынша екінші негізі (Ұлыбританиядан кейін) мемлекет болып табылады (191 адам академиялық білім алуда және 108 тіл курстарында).

«Split PhD» докторантура туралы қос диплом алу мүмкіндігімен бірлескен докторантура бағдарламасын енгізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«American Councils» қолдауымен әл-Фараби атындағы КазҰУ-да жыл сайын 30 америкалық студент оқиды.

Мәдениет саласындағы ынтымақтастық

Мәдениет саласындағы ынтымақтастық жемісті дамуда. Америкалық қоғамның дәстүрлі назарын Наурыз мейрамын тойлау аудартады. 14 наурызда Вашингтонда «Наурыз Комишн» бірлесіп бұл мейрамды тойлау мақсатында жыл сайынғы ас ұйымдастырылды.

Қазақ әдебиеті және Қазақстан туралы шетелдік әдебиетті дәріптеу мақсатында Қазақстандық PEN Club басшысы Б. Габдуллинның америкалық әдебиетшілер мен көпшіліктің алдында сөз сөйлеуі және Бейбітшілік Корпусының бұрынғы еріктісі Джанет Гивенспен жазылған «At Home on the Kazakh Steppe» атты кітабын Астана күніне арналған Астана туралы фильмнің көрсетілімімен қатар таныстыру ұйымдастырылды (21 мамыр).

Қазақ Хандығының 550-жылдығын тойлануының шегінде Вашингтонда (4 тамыз) және Нью-Йоркта (10 тамыз) «Қазақ Хандығына 550 жыл» және «Дешті Қыпшақ: құпия белгілер» атты деректі фильмдердің презентациясы өтті.

Консулдық саладағы ынтымақтастық

Қазақстандағы туризмді дамытуда америкалық азаматтар үшін 15 күнге дейін визасыз режим енгізілу жағымды әсер етуде. Осы орайда АҚШ Мемлекеттік департаменті ҚР азаматтарына он жылдық виза беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қазіргі уақытта екіжақты келісім бойынша виза мерзімінің ең жоғарғы шегі бес жылмен шектеледі.