Размер шрифта
Цвета сайта

 

Brazil

Жалпы мәліметтер

1993 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстан мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2013 жылғы 22 қазан – Қазақстандағы Бразилия Елшісі болып Деметрио Буено Карвальо тағайындалды.

2013 жылдан бастап - Қазақстанда Бразилияның Құрметті консулы Е.Абдразақов аккредиттелді.

2016 жылдың қаңтарынан бастап - Қазақстанның Бразилиядағы УСӨ-і С. Уалиханов болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

2007 жылғы 27-29 қыркүйек – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Бразилияға мемлекеттік сапары өтті, ол Елбасының Латын Америкасы өңіріне алғашқы сапары болды. Сапар барысында Бразилия Президенті Лула да Силвамен, Сенат Төрағасы Р.Калейроспен, Ұлттық конгресс өкілдері Палатасының төрағасы А.Чинаглиамен, Жоғарғы Сот төрағасы Э.Нортфлитпен келіссөздер өткізілді.

2008 жылғы 28  қыркүйек – Астана қаласында алғашқы Қазақстан-Бразилия сімаралық саяси консультациясының отырысы өтті.

2009 жылғы 17 маусым – БФР Президенті Лула да Силваның Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті, бұл оның Орталық Азия өңіріне жасаған алғашқы сапары болды.

2012 жылғы 13 сәуір – Бразилиа қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ. Омаровтың және Бразилия Сыртқы істер вице-министрі М.Рейстің бірлескен төрағалығымен екінші Қазақстан-Бразилия сімаралық саяси консультациясының отырысы өтті.

2013 жылғы 2-3 қазан – Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Бразилиа және Сан-Пауло қалаларына сапары өтті. Бразилияның СІМ Басшысы Л.Фигейредумен өткізген келіссөздері нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, сонымен бірге, Екі ел азаматтарына арналған визаны жою туралы келісімге қол қойылды. Сапар аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі болып Қазақстан Республикасының Латын Америкасындағы бірінші Елшілігінің ашылуы болды, бұл шараға Бразилияның Сыртқы істер министрі де қатысты.

Парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Парламент Мәжілісінде «Қазақстан-Бразилия» атты ынтымақтастық тобы жұмыс істейді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы ең ірі сауда әріптесі болып табылады. 2015 жылы екіжақты сауда айналымы 161,3  млн. АҚШ долл. Құрады (экспорт – 55,7 млн., импорт – 105,6 млн. долл.).

Негізгі импорттық тауарлар: құрақ қанты мен сахароза, азаматтық ұшақ, темекі шикізаты, сорғылар, ІҚМ мұздатылған еті, жеміс шырындары, қара металл сынықтары, сонымен қатар азық-түлік тауарлары мен ауылшаруашылық шикізаты.

Негізгі экспорттық тауарлар:  күкірт.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2009 жылғы 5 наурыз бен 2011 жылғы 3 желтоқсан арасында «Оле Бразил» (қазіргі уақытта «Ботафого») футбол академиясында 24 адамнан құралған футболшылар тобын үйрету болды. 2012 жылғы ақпаннан Академияда 26 жас қазақстандық футболшылардан құралған топ үйреніп жатыр. Жобаны іске асыру 2009 жылғы ақпанда Қазақстанның спорт федерациясы мен «Оле Бразил» футбол мектебі арасында ынтымақтастық туралы қол қойылған келісім аясында іске асырылып жатыр.

2011 жылғы 16-24 маусым – Рио-де-Жанейро қаласында Бесінші Дүниежүзілік Жазғы әскери ойындар өтті, оған ҚР Қорғаныс министрлігінің командасы қатысты.  Қазақстан құрамасы 7 спорт түрінен қатысты (баскетбол, бокс, дзюдо, жеңіл атлетика, парашютпен секіру, жүзу, таэквондо, триатлон).

2012 жылғы 7-11 желтоқсан аралығында Алматы қаласында және 2012 жылғы 10-13 желтоқсан аралығында Астана қаласында ҚР Бразилия Елшілігінің ұйымдастыруымен Бразилиялық кино фестивалі өткізілді.

2013 жылғы 29 мамыр – ҚР Бразилия Елшілігінің ұйымдастыруымен Астанада А.Дүйсенбаевтың жетекшілігімен ҚазҰӨУ студенттерінің орындауындағы бразилиялық классикалық музыка концерті өтті. 

Шарттық-құқықтық база

Мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық келісімдер

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (2007 жылғы 27 қыркүйек, Бразилиа қ., 2013 жылғы 25 наурызда күшіне енді).

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік құжаты бар азаматтарды визалық талаптардан босату туралы келісім (2007 жылғы 27 қыркүйек, Бразилиа қ., 2008 жылғы 8 қыркүйекте күшіне енді).

- Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы қағидаттар туралы өзара қарым-қатынастар декларациясы (2007 жылғы 27 қыркүйек, Бразилиа қ.).

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық ынтымақтастық ниеті туралы хаттама (2007 жылғы 27 қыркүйек, Бразилиа қ.).

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы азаматтарының қысқа мерзімді визасыз режимі туралы келісімі (2013 жылғы 2 қазан, Бразилиа қ., Бразилия жағынан Келісімнің күшке енуі туралы рәсімдер жалғасуда).

Ведомствоаралық құжаттар

- ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бразилия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы саяси консультациялар туралы хаттама (2007 жылғы 27 қыркүйек, Бразилиа қ.).

- ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бразилия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы саяси, экономикалық, сауда және инвестициялық диалогты орнату туралы меморандум  (2013 жылғы 2 қазан, Бразилиа қ.).

- Қазақстанның Спорт және дене шынықтыру агенттігі мен Бразилия Республикасы Спорт министрлігінің спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум (2013 жылғы 2 қазан, Бразилиа қ.).

- Екі елдің спорт академиясы арасындағы меморандум (2013 жылғы   2 қазан, Бразилиа қ.).