Размер шрифта
Цвета сайта

 

2009 жылғы 1 қазаннан бастап – Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Турбьорн Ягланд (Thorbjørn Jagland).

1997 жылдан бастап  - Қазақстан Республикасы Еуропа Кеңесімен және оның құрылымдарымен ынтымақтастық жасауда.

2004 жылдан бастап  – Қазақстанның өкілі Страсбург қаласындағы Еуропа Кеңесі Хатшылығында қызмет етуде (Қазақстан Республикасының  Бельгиядағы Елшілігі жетекшілік етеді).

2011 жылғы 10-12 қазанда - Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Т.Ягландтың Қазақстанға сапары өтті.

2010 жылғы наурызда Астана 1954 жылғы Еуропа мәдени конвенциясына қосылды, өз кезегінде бұл Қазақстанға Болон декларациясына қатысушы мемлекет болуына мүмкіндік берді және Қазақстанның әлемдік білім беру үдерісінің интеграциясына жол ашты.

2012 жылы Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясына (Венециялық комиссия) толыққанды мүше ретінде ҚР-дың қосылуы Қазақстанның берік демократиялық таңдауының көрнекті дәлеліне айналды.

Қазақстан 2004 жылғы Ынтымақтастық туралы келісім негізіндегі ҚР Парламенті және Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруда. ҚР Парламентінің делегациялары тұрақты негізде (бір жылда 4 рет) ЕКПА-ның пленарлық сессияларына қатысады.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның Қылмыстық сот өндірісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларындағы нысаналы еуропалық конвенцияларға қосылуы бойынша жұмыс Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылады, аталған конвенцияларға қатысу елімізге жалпыеуропалық құқықтық кеңістікті құруға қатысуға толыққанды мүмкіндік береді.

Осыған орай, 2013 жылғы желтоқсанда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстанның қылмыстық сот өндірісі саласындағы Еуропа Кеңесінің нысаналы конвенцияларына қосылуы жөніндегі «қадамдық» Іс-қимылдар жоспарын бекітті («2014-2015 жылдарға арналған Қазақстан үшін тату көршілік ынтымақтастығының басымдықтары: Еуропа Кеңесінің қылмыс саласындағы конвенциялары бойынша ынтымақтастық»).

2013 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бірлескен декларацияға қол қойылды. Бірлескен декларацияға қол қою Қазақстанның қылмыстық сот өндірісі саласындағы ЕК конвенцияларына қосылуы жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын түбегейлі бекіту болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Еуропа Кеңесінің «Қылмыстық іс-әрекеттен алынған кірістерді жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы» Конвенциясына қосылды.

Аталған ҚР-ЕК Іс-қимылдар жоспары шеңберінде 2015 жылғы наурызда Астанада қазақстандық және еуропалық сот төрелегінің жүйесін   жақындастыруға бағытталған «Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің сапасын және тиімділігін жақсартуда қазақстандық билікті қолдау»  2015 - 2017 жылдарға арналған («Support to the Kazakh authorities in improving quality and efficiency of the Kazakh justice system») Еуропа Одағы мен Еуропа Кеңесінің бірлескен бағдарламасын ресми іске қосу рәсімі өткізілді

Аталған ЕО-ЕК  бағдарламасы іске қосылғаннан бастап мүдделі қазақстандық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдеріне іс-шаралар өткізіліп жатыр.

«Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің сапасын және тиімділігін жақсартуда қазақстандық билікті қолдау» ЕО-ЕК бағдарламасының шеңберінде өткізілген және жоспарланып отырған іс-шараларды талқылау мақсатында жылдың ішінде осы бағдарламаның Басқару комитетінің отырыстары өткізіледі.

2015 жылғы қыркүйекте Қазақстан Еуропалық прокурорлардың консультациялық кеңесіне бақылаушы ретінде қосылды.