Размер шрифта
Цвета сайта

 

1. Байқаудың мақсаты

1.1. Халықаралық қатынастар саласында қазақстандық журналистиканы қолдау және дамыту.

1.2. Қазақстанның сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары туралы үздік репортаждар, сұхбаттар және талдамалы материалдар авторларын марапаттау.

 

2. Байқаудың мақсаттары

2.1. Қазақстандық халықаралық журналистердің жаңа замандастарын қалыптастыруда қолғабыс ету.

2.2. Баспа және электрондық БАҚ, телевизия және радионың болашағы зор авторларын қолдау.

2.3. ҚР Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси қызметі, Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті мәселелері, ҚР негізгі халықаралық бастамаларының рөлі мен маңыздылығын жан-жақты, объективті және сапалы жарықтандыру.

 

3. Байқаудың ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы

3.1. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізеді (әрі қарай - Ұйымдкомитеті).

3.2. Ұйымдкомитетінің құрамына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы (әрі қарай – ҚР СІМ ХАК), Қазақстан журналистері Одағының өкілі және «AltynKyran» халықаралық қайырымдылық қорының» өкілі кіреді.

3.3. Байқау жұмыстарының қорытынды сараптамасын Қазылар алқасының мүшелері шығарады.

Қазылар алқасының құрамына кіретіндер:

- ҚР Сыртқы істер министрі Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы;

- Қазақстан журналистері Одағының Төрағасы Матаев Сейтқазы Бейсенғазыұлы;

- «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қоры» корпоративтік қорының Президенті Салжанов Исламбек Төлеубайұлы.

 

4. Байқау номинациялары

- Баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарының қазақ тіліндегі үздік мақаласы;

- Баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарының орыс тіліндегі үздік мақаласы;

- Электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының қазақ тіліндегі үздік мақаласы;

- Электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының орыс тіліндегі үздік мақаласы;

- Телевизиялық немесе радионың үздік қазақ тіліндегі репортажы;

- Телевизиялық немесе радионың үздік орыс тіліндегі репортажы.

 

5. Байқауды өткізу тәртібі

5.1. Байқауға ұсынылатын өтінімдер мен жұмыстар қосымша байқауға арналған барлық қажетті материалдарымен бірге 2015 жылдың 30 тамызына дейін pressa@mfa.kz электрондық поштасына қабылданады,хат тақырыбында «Қазақстанның сыртқы саясаты» немесе«Внешняя политика Казахстана» деп жазылуы тиіс.

5.2. Байқауға қатысу тек бір номинация бойынша ғана өткізіледі.

5.3. Байқау өтінімідері мен жұмыстарды жинақтау мерзімі аяқталғаннан кейін Ұйымдкомитеті 5 жұмыс күні ішінде байқау жұмыстарына іріктеу және бастапқы сараптама жүргізіп, Қазылар алқасына баға беру үшін жолдайды.

5.4. Ұйымдкомитеті Қазылар алқасының бағасын 5 күн мерзімі ішінде жинайды.

5.5. Ұйымдкомитеті және Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау кезінде келесі өлшемдерді басшылыққа алады:

- материалдың экслюзивтілігі;

- әдеби орындау;

- ұсынылатын мәліметтер мен айғақтардың нақтылығы;

- матералдың мазмұнды тереңділігі.

Жұмыстың әр өлшемі бойынша 10-баллдық шкаламен көрсетілетін баға қойылады. Байқау жұмысының қорытынды бағасы берілген жұмыс бойынша алынған сараптама бағасының орта көлемін көрсетеді.

Қазылар алқасының қорытынды отырысы әр номинация бойынша бір жеңімпазды таңдау арқылы, сондай-ақ ерекшелік ретінде бір журналист пен бір оператордан құралған ортақ авторлық рұқсат етілген телевизиялық жобаларды санамағанда, байқаудың 8 жеңімпазын анықтайды.

 

6. Байқауға ұсынылатын өтінімдер мен жұмыстарға қойылатын талаптар

6.1. Байқауға ұсынылатын өтінімге міндетті түрде байқауға қатысушы туралы келесі ақпараттар тіркелуі тиіс:

- тегі, аты, әкесінің аты;

- туылған күні;

- тұрғылықты жері (қала);

- білімі (мамандығы, жоғары оқу орны және бітірген жылы);

- жұмыс орны және лауазымы;

- байқауға ұсынылатын жұмысының номинациясы;

- материалының атауы;

- байқау жұмысы (баспасөз мақаласының сканерленген нұсқасы, мақаласының мәтіні немесе транскрипті, онлайн мақалаға сілтеме, теле- немесе радио материал және т.б. енгізуге рұқсат, бірақ онымен шектелмеуі тиіс);

- байланыс мәліметтері (телефон және мекен-жайы).

6.2. Байқауға жолданатын материалдарға келесі талаптар қойылады:

- Материал 2015 жылдың 1 қаңтар және 30 тамыз аралығы кезеңінде жариялануы тиіс;

- Байқауға қатысу үшін ерекшелік ретінде бір журналист пен бір оператордан құралған ортақ авторлық рұқсат етілген телевизиялық жобаларды санамағанда, бір автормен дайындалған жұмыстарға рұқсат етіледі. Серіктес авторлармен жазылған мақалалар байқауға қабылданбайды.

 

7. Жеңімпаздарды марапаттау

7.3. Байқау жеңімпаздарына байқау Ұйымдкомитеті есебінен 2015 жылдың аяғына дейін ҚР Сыртқы істер министрі делегациясының мүшесі ретінде шетелге бір сапар қамтамасыз етіледі.

Жүлделі орын иелеріне (Ұйымдкомитетімен берілген қорытынды баға бойынша жеңімпаздан кейінгі алғаш 4 орын алған қатысушылар) дипломдар тапсырылады.

 

8. Байқаудың серіктесі

Байқаудың серіктесі - «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қоры» корпоративтік қоры болып табылады.