БҰҰ Даму бағдарламасы мен донорлық ұйымдардың қолдауымен қазақстандық ДРК жүйесінің пилоттық жобалары


2017 жылдың сәуірінде БҰҰ Даму Бағдарламасы және «МАШАВ» Израиль Халықаралық даму ынтымақтастық агенттігімен тығыз ынтымақтастықта Орталық Азиядағы әріптес елдер үшін Қазақстандық ДРК пилоттық жобасы іске асырылды (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан ауыл шаруашылығы саласындағы мамандары үшін ғылыми-практикалық семинар).  

2017-2018 жылдары БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Жапонияның Сыртқы істер министрлігімен бірлесе әзірленген «Ресми дамуға көмек саласында Ауғанстанмен ынтымақтастықта Қазақстанға жәрдемдесу» жобасы іске асырылды. Бұл жобаны іске асыру туралы келісім 2015 жылдың қазанында ҚР Премьер-Министрі С.Абэнің Қазақстанға сапары барысында қабылданған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентімен және жапондық үкіметінің басшысының Бірлескен мәлімдемесінде көрініс тапты. Жоба 300 мың АҚШ доллары көлемінде БҰҰДБ-Жапон Әріптестік қорынан бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылды. Жоба шеңберінде Ауғанстан Ислам Республикасының әйелдеріне бағытталған екі мемлекеттік семинар өткізілді (мемлекеттік басқару саласында - 2017 жылғы шілдеде, денсаулық сақтау саласы бойынша - 2018 жылғы наурыз-сәуір айларында). Жобаға Қазақстандық тараптың қатысуы мемлекеттік басқару және денсаулық сақтау саласында тәжірибе мен білімді бөлісу түрінде техникалық көмек нысанында жүзеге асты. 


Қосылған : 30.10.2019, 18:05, Өзгертілген : 30.10.2019, 18:10