Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті


2019 жылғы 28 қазан-1 қараша аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының тоқсан тоғызыншы отырысы өтті.

Тараптар демаркациялаудың қорытынды құжаттар жобаларының бірқатар жиынтығын дайындап бекітті, сондай-ақ Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстардың материалдарын тексерді.

Келіссөздер достық және конструктивті атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2019 жылдың қараша айында Ресей Федерациясында өтетін болады.

Қосылған : 1.11.2019, 15:00, Өзгертілген : 1.11.2019, 15:00