Қазақстан мен Сауд Арабиясы азық-түлік өнімдеріне халал сертификатын беру мәселесінде өзара әрекеттесетін болады

2019 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясының Азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі жөніндегі бас басқармасының Атқарушы президенті доктор Хишам әл-Джадхимен кездесті. Кездесу барысында тараптар азық-түлік өнімдеріне халал сертификатын алу үшін сауд тарапының белгілеген талаптары мен стандарттарына қатысты мәселелерді талқылады.

Осы орайда Б.Арын сұхбаттасушыны Қазақстандағы халал өндірісін дамыту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Тараптар халал азық-түлік өнімдерінің стандарттарын үйлестіру бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға келісті. Бұл өз кезегінде қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерін Корольдікке экспорттауға жол ашады.

Қосылған : 4.11.2019, 22:00, Өзгертілген : 4.11.2019, 22:00