Қазақстан-үнді қатынастары Мумбайда талқыланды

ҚР Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев елдің ірі сауда-қаржы және іскерлік орталығы – Мумбай қаласына жұмыс іс-сапарымен барып келді. 

Қазақстандық дипломат Махараштра штатының губернаторы Ш.Кошиаримен кездесіп, еліміздің Үндістанмен қарым-қатынастарының даму тарихына, сондай-ақ екі жақты сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты кеңінен пікір алмасты. Сонымен қатар, Елші Е. Әлімбаев жетекші сауда-өнеркәсіп палатасының, Eximbank, Мумбай теңіз портының, Махиндра компаниялар тобының басшылығымен, бизнес өкілдерімен және әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізді.

Қосылған : 6.11.2019, 16:00, Өзгертілген : 6.11.2019, 16:00