Омбыда суретші Амангелді Шәкеновке ескерткіш қойылды

2019 жылғы 6 қарашада Омбы қаласында Ленин көшесіндегі Қазақстан консулдығының жанында тегі қазақ суретші Амангелді Шакеновке ескерткіш орнатылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Омбы әкімшілігіне, жас мүсінші Мейрам Баймұхановқа және салтанатқа жиналған ұлттық мәдени орталықтар өкілдері мен барлық Омбы азаматтарына бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар,  А. Шәкеновтің елдеріміз арасындағы рухани байланыстарды дамытуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

"Бүгін бүкіл барша омбылық ағайын үшін ерекше күн. Мынау туған еліміздің ордалы өкілдігінің жанынан осы өңірдің сыйлы да сырлы азаматы, белгілі шебер, Ресей мен Қазақстан суретшілер одағының академигі – А. Шәкеновке арналған ескерткіш ашылып отыр. Сөз жоқ, бұл екі ел арасына рухани көпір салып, мәдениеттің таусылмас жолын төсеген ардақты азаматқа лайықты құрмет. Ендеше, Омбының төрінен мәңгілікке орын алған асыл ағамыздың рухы асқақтай берсін", – деді Тасмағамбетов.

Қола мен граниттен қаланған бұл ескерткішті күні кеше Омбыда тұрған, ал қазір Санкт-Петербургтің әрі абыройлы, әрі жас мүсіншісі Мейрам Баймұханов жасап шығарды. Мүсін артында мольберты күтіп тұрған, ал өзі креслода ойланып отырған қалпындағы Амангелді Шакеновті бейнелейді. Осы ескерткішті бірнеше айлар бойы жүргізілген елшілік пен Омбы әкімшілігінің арасындағы келіссөздер нәтижесінде Қазақстан консулдығының жанына орнату туралы шешім қабылданды. Тұғырға "Амангелді Шакенов – суретші мен мұғалімге" деген жазуы бар. Омбыда шебердің көптеген студенттері мен ізбасарлары бар. Олар университеттердің, мектептердің оқытушылары болып жұмыс істейді, Суретшілер одағының мүшесі, облыстық және республикалық көрмелердің дипломанты.

Омбы облысы Үкімет төрағасының бірінші орынбасары Валерий Бойко Амангелді Шакеновтің нағыз шебер, үлкен талант иесі, өз жұмысында орыс және қазақ мәдениеттерін үйлестіре білген азамат екенін айтты.

"Олар нағыз суретшілер түстерді пайдаланады дейді, бірақ олар сезіммен жазады. Оның барлық картиналары үлкен жылулықпен және табиғат пен адамдарға деген сүйіспеншілікпен боялған. Амангелді Абдрахманұлы Шәкенов дәл сондай болды: Ресей мен Қазақстан арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумы кезінде екі мемлекеттің мәдениетінде жарқын із қалдырған адамға ескерткіш ашқанымыз тамаша жаңалық. Біздің елдерімізді тек географиялық орналасуы мен берік экономикалық байланыстары ғана емес, сонымен қатар осы ескерткіште бейнеленген ортақ мәдени дәстүрлер біріктіреді", – деді Валерий Бойко өзінің құттықтау сөзінде. 

Бұл бастаманы қолдап келгендер арасында суретшінің қызы Жамиля Шакенова және Омбы аймағының қазақ мәдениеті орталықтары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері де бар.

Ресейдің Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері және Қазақстан өнер академиясының академигі Амангелді Шакенов 2018 жылдың 1 мамырында 74 жасында қайтыс болды. Ұзақ шығармашылық өмірінде, ол көптеген пейзаждар, өз замандастарының портреттері және тарихи сюжеттерге арналған суреттер салып, кейін ізін жалғастырар лайықты шәкірт те тәрбиеледі. Оның картиналары әлем бойынша: Қазақстан мен Ресейден Германияға, Финляндия мен АҚШ-қа саяхаттауда. Оның көптеген еңбектері Алматыдағы Әбілхан Қастеев мұражайында, Президенттік мәдениет орталығы мен Өнер академиясында, сонымен қатар жеке қор мен түрлі жинақтарда сақтаулы.

Қосылған : 6.11.2019, 14:25, Өзгертілген : 6.11.2019, 15:45