Қазақстан мен Норвегия ынтымақтастықты тереңдетуге дайын

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 7 қараша – Қазақстан мен Норвегия екіжақты және көпжақты форматындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Норвегия Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Адуюн Халворсенмен кездесуі барысында айтылды.

Әңгіме барысында екі елдің халықаралық құрылымдар шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылды. Министр БҰҰ шеңберіндегі бірлескен жұмысының сәтті тәжірибесін атай өтіп, бұл дәстүрін басқа салаларда да жалғастыру қажеттілігіне айтты.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы ү.ж. қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының аясында Норвегияның Сыртқы істер министрі Ине Сорейдемен келіссөздердің табысты жүргізілгені үшін қанағаттанушылық сезімін білдірді. 

Қазақстандық дипломат ресми Нұр-Сұлтанның Осломен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық спектрін одан әрі нығайтуға ниетін растай отырып, өзінің норвегиялық әріптесін 2020 жылы Қазақстанға келуге шақырды.    

Сол күні Қазақстан астанасында сыртқы саясат мекемелері арасындағы кезекті саяси консультациялар өтті, оған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған қазақстандық делегациясы қатысты.

Тараптар саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағын, шарттық-құқықтық базасын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Дипломаттар саяси диалогты нығайтуға бағытталған өзара сапарлар екіжақты қатынастардың дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Отырысы шеңберінде сұхбаттасушылар парламентаралық үнқатысуды дамыту қажеттілігін атап өтті, сонымен қатар саяси партиялар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыру перспективаларын қарастырды. 

Консультациялар барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда әлеуеттің бар екені атап өтілді. Тараптар бірлескен геологиялық барлау бойынша жақында қол қойылған Келісімнің аясында «ҚазМұнайГаз» мен «Equinor» арасындағы сәтті ынтымақтастығы екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды қарқынын арттыру үшін жақсы негіз қалайтынына сенім білдірді. 

Қазақстанда мұнай-газ секторына және жаңартылатын энергия көздеріне норвегиялық технологияларды енгізу, алдыңғы қатарлы агроөнеркәсіптік технологиялар трансфері, сондай-ақ көлік-логистика саласындағы бірлескен жобалардың іске асыруы ең перспективалы бағыттар ретінде аталды.

Анықтама үшін: 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында тауар айналымы 63,2 млн долл. құрады (экспорт - 8,2 млн долл., импорт - 55 млн долл.).

Өңірлік деңгейдегі экономикалық ынтымақтастықғы бойынша «Белдеу және жол» бастамасы аясында ашылатын өзара тиімді перспективаларға және оны Еуразия континентіндегі тиімді іске асырылуына назар аударылды.

Жан-жақты пікір алмасу барысында дипломаттар халықаралық терроризммен күрес, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша ұстанымдардың толық сәйкес келетінін атап өтті.

Норвегиялық мейман Қазақстанның Ауғанстанды тұрақтандыру, ауған әйелдерін оқыту бойынша ЕО, Қазақстан және Өзбекстан үшжақты білім беру жобасын жүзеге асырып жатқан қызметі, Астана процесінің Сириядағы қоныстануға қосқан үлесі, сондай-ақ «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады.

Өз кезегінде, қазақстандық тарап Ослоға еліміздің халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді: Норвегия Корольдігі Қазақстандағы МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран отын банкін (ТБУБ) ашудағы халықаралық донорлардың бірі болды.

Сұхбаттасушылар Норвегияның бітімгершілік тәжірибесін талқылауға ерекше назар аударып, осы маңызды саладағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.


Қосылған : 7.11.2019, 22:10, Өзгертілген : 7.11.2019, 22:10