Қазақстан Елшісі Әзербайжанның Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрімен кездесті

2019 жылғы 28 қарашада Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжанның Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрі Рамин Гулузадемен кездесті.  Сұхбат барысында тараптар теміржол көлігі және әуе қатынасы, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Каспий теңізінің түбінде талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу шеңберіндегі цифрландыру және деректер транзиті салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының соңғы отырысының хаттамасын орындалуын, ү.ж. 6 желтоқсанда Бакуда өтетін ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының алдағы 14-отырысы күн тәртібінің тармақтарын қарастырып өтті. Сонымен қатар, С.Әбдікәрімов сұхбаттасушыны тікелей және транзиттік жолаушылар ағымын арттыруға, сондай-ақ елдің туристік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстанның 11 әуежайларында "ашық аспан" тәртібі енгізілгенін ақпараттандырды.  

Қосылған : 28.11.2019, 18:50, Өзгертілген : 28.11.2019, 18:50