Қазақстан мен Сауд Арабиясы ғарыш саласында ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндіктерін талқылады

2019 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арынды Корольдік Ғарыш агенттігінің төрағасы Биік Мәртебелі ханзада Сұлтан бен Салман бен Абдельазиз Әл Сауд қабылдады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жолдарын талқылады. Қазақстандық дипломат еліміздің ғарыш саласындағы әлеуеті мен жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар жөнінде кеңінен баяндап, қазақ тарапының сауд тарапымен бірлесіп осы бағытта жұмыс атқаруға мүдделілігін жеткізді. 

Ханзада Сұлтан бен Салман айтылған ақпаратты қызығушылықпен қабыл алып, Қазақстанмен ғарыш саласында өзара тиімді байланыстар орнатуға дайындығын білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірқатар жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың мүмкіндіктерін зерделеуге уағдаласты. 

Биік Мәртебелі ханзада Сұлтан бен Салман бен Абдельазиз 1985 жылы ғарышқа ұшқан ең алғашқы араб әлемінің ғарышкері. Сауд Арабиясының Ғарыш агенттігі 2018 жылғы 27 желтоқсанда Корольдің Жарлығымен құрылған болатын.

Қосылған : 23.12.2019, 18:00, Өзгертілген : 23.12.2019, 18:00