Қазақстан мен Әмірліктер арасында автомобильдік жол байланысы мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Әмірліктер Федералдық көлік агенттігінің Бас директоры Ахмед әл-Хуримен кездесу өткізді. 

Тараптар екі ел арасындағы халықаралық автомобильдік жол байланысы салаларында ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын қарастырып, оны жандандыру жолдарын талқылады. 

Осы ретте, екі ел үкіметтері арасында тиісті келісімге қол қою мүмкіндігі қарастырылды. Тараптар аталған саладағы келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.

Қосылған : 6.01.2020, 09:25, Өзгертілген : 6.01.2020, 09:25