Әмірліктердің Қорғаныс істері жөніндегі Мемлекеттік министрімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Әмірліктердің Қорғаныс істер жөніндегі Мемлекеттік министрі Мұхаммед Ахмед әл-Бауардимен кездесу өткізді. Кездесуге Елшіліктің әскери атташесі қатысты. 

Кездесу барысында екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері қарастырылып, оны әрі қарай нығайту жолдары талқыланды. Сондай-ақ, өңірдегі қауіпсіздік мәселелеріне қатысты өзара пікір алмасылды. 

Елші М.Меңілбеков Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін әскери көрмелерге екі ел делегациялары белсенді түрде қатысып тұратынын, олардың екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлес қосып жатқанын ризашылықпен атап өтті. Кездесу қорытындылары бойынша, тараптар аталған салада өзара ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.   

Қосылған : 8.01.2020, 13:00, Өзгертілген : 8.01.2020, 13:00