Қазақстан Елшісі Мьянма Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

4 ақпанда Қазақстан Республикасының Мьянма Одақ Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Раушан Есбулатова елдің Президенті Вин Мьинге сенім грамоталарын тапсырды.

Тапсыру рәсімінен кейін өткен әңгіме барысында ҚР-дың жаңадан тағайындалған Елшісі қазақстандық-мьянмалық қатынастарын дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат, Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы аясындағы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жариялағаны негізінде елімізде іске асырылып жатқан реформалар туралы Мьянма Президентін хабардар етті. 

2020 жылға арналған қазақстандық күн тәртібіндегі ішкі және сыртқы саясаттағы оқиғаларға тоқтала, Р.Есбулатова сұхбаттасушыны ҚР Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығын, ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын, ұлы ойшыл әл-Фараби 1150 жылдығын мерекелеу, сонымен қатар ү.ж. маусым айында ҚР елордасында жоспарланған Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші Министрлер конференциясы жайлы таныстырды.

Сұхбат барысында Мьянма Президенті екі ел арасындағы өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттардағы, сауда-экономикалық саладағы қоса алғанда, ынтымақтастықты кеңейтуге өзінің ниетін білдірді.

Р.Есбулатованың Нейпьидо қаласына сапары аясында бірқатар екіжақты кездесулер, оның ішінде Мьянма Одақ Республикасының Мемлекеттік кеңесші - Сыртқы істер министрі Аун Сан Су Чжимен кездесуі жоспарланған.



Қосылған : 4.02.2020, 19:35, Өзгертілген : 4.02.2020, 19:35