Ханойда іскерлік қатынастарды белсендіру мәселелерін талқылады


Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Ерлан Байжанов Вьетнам Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) президенті Ву Тьен Локпен кездесті. 

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасу болды.   

Қазақстандық дипломат Вьетнам тарапын екіжақты қарым-қатынастардыңөзара сауданыңинвестициялық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы туралы хабардар еттіВьетнам СӨП президенті Ву Тьен Лок ҚР Сыртқы істер министрлігімен құрылған инвестицияларды тартудың кешенді жүйесімен танысты.

«Вьетнам - біздің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды саяси және сауда-экономикалық әріптесімізБізде тамаша саяси қатынастар бар, біздің елдеріміздің парламенттері, біздің басшы партияларымыздың арасында қарқынды қарым-қатынас жүріп жатыр. Осының бәрін Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырумен толықтыру қажет» - деп атап өтті Е. Байжанов.

Тараптар ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімді толыққанды іске асыру бұл үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын растады.  

Екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты орнату туралы айта келе, Елші «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі, оның мақсаттары мен басым міндеттері туралы айтып берді. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат «Атамекен» ҰКП мен ҚР Сыртқы сауда палатасының Вьетнам СӨП-мен тікелей байланыс орнату қажеттігін атап өтті.

Ву Тьен Лок ҚР Сыртқы сауда палатасымен байланыс орнатуға, өзара қызығушылық тудыратын инвестициялар мен сауда саласындағы барлық мәселелер бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға дайын екенін білдірді. Вьетнам СӨП Президенті сондай-ақ Қазақстанның іскерлік, инвестициялық ахуалын жақсартудағы тәжірибесін зерттеуге, елде бизнес жүргізу жағдайларын дамытуға қызығушылық білдірді.

«Мені Қазақстанның кәсіпкерлік саласын дамытудағы тәжірибесі, атап айтқанда бизнестің Үкіметпен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы өте қызықтырады» - деді СӨП басшысы.

Сапар алмасуға, Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен екіжақты келісімге қол қоюға дайын екенін және Қазақстан кәсіпкерлерінің делегациясын Вьетнамға келуге шақырылды.

Кездесу соңында Елші сұхбаттасушыға «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы әзірлеген инвестициялық ұсыныстары бар материалдар пакетін табыс етті


Қосылған : 5.02.2020, 18:00, Өзгертілген : 5.02.2020, 18:00