Қазақстан мен Португалия қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниеттенуде

2020 ж. 7 ақпанда Лиссабон қаласында Елші Дәулет Батырашев Португалия Қоршаған орта министрі Жоао Матош Фернандешпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, Қазақстан мен Португалия арасындағы экология және климат өзгерісімен күресу саласында екіжақты және көпжақты негізде ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Қазақстан дипломаты ҚР-ның «жасыл даму» концепциясын енгізу және төмен көміртекті экономикалық дамуын ілгерілету жөніндегі іс-шаралары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, "ЭКСПО-2017" көрмесінің нәтижелері, Халықаралық жасыл технологиялар орталығының қызметі (ХЖТО), Тұрақты даму мақсаттарын орындау бойынша жетістіктер және «Жасыл көпір» халықаралық бастамасына назар аударылды. 

Экологиялық ахуалды жақсарту және климат саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау жұмыс бойынша тараптардың өзара тиімді технологиялар, тәжірибе және идеялары бар екендігі атап өтілді. Осыған орай, сұхбаттасушылар қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша белсенді диалог жалғастыруға дайындығы білдірді.

Кездесу нәтижесінде, ХЖТО және португал INESC TEC ғылыми-зерттеу институты арасында тәжірибе алмасу мақсатында байланыстар орнату бойынша өзара әрекеттесу, сондай-ақ екі елдің салалық ведомстволарының басшылығы арасында тұрақты түрде кездесулер өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Португалия жасыл технологиялар саласында халықаралық көшбасшыларының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта, Португалияда тұтынылатын энергияның 56%-ы жаңартылатын көздері арқасында өндіріледі, ал 2030 ж. дейін бұл көрсеткіш 80%-а жетеді деп жоспарлануда.

INESC TEC жаңартылатын энергия көздері, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, және Португалияның ең ірі ғылыми-зерттеу институттарының бірі болып табылады. Оның құрамына 700-ден астам ғылыми қызметкер жұмыс істейтін 13 зерттеу орталығы енеді.

Қосылған : 10.02.2020, 22:35, Өзгертілген : 10.02.2020, 22:35