Дипломатиялық/қызметтік паспорттарды ресімдеу үшін құжаттар тізбесі

Дипломатиялық / қызметтік төлқұжатпен ұзақ мерзімді іссапарға шығуға құжаттар тізімі, сонымен қатар олардың отбасы мүшелеріне (жұбайлары, балалары) және оның асырауындағы адамдарға

- Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Адам ресурстары департаментінен куәландырылған іссапар туралы бұйрықтың көшірмесі;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

- төлқұжатты беруге толтырылған өтініші (сауалнама) (14-тармақ бұйрықпен толтырылады)

- өлшемі 3,5 х 4,5 см екі түрлі-түсті фотосуреттер (Фотосурет құжатты рәсімдеу кезіндегі азаматтың жасына сәйкес келуі керек, жарық фоны бойынша қаралып, фотосуреттің жалпы көлемінің 70-80% -ын адам тұлға бейнесі алуы керек. Компьютерді сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);

- неке туралы куәліктің көшірмесі;

- туу туралы куәліктің және баланың төлқұжатының көшірмесі (бар болса);

- туу туралы куәлікте ЖСН болмаса (әр балаға ЖСН туралы куәліктің көшірмесі).

* Қазақстан Республикасынан жіберілген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері (жұбайлары, балалары) үшін Адам ресурстары департаментінен алынған анықтама / СІМ жетекшілік ететін бөлімнен алынған анықтама және тағайындау туралы құжат (бұйрық, нота, шақыру).

* Әскери атташелер, олардың көмекшілері және олардың отбасы мүшелері (жұбайлары, балалары) үшін - Адам ресурстары департаментінен жолдама және тағайындау туралы құжат (бұйрық).

Қысқа мерзімді іссапарға бару үшін дипломатиялық / қызметтік төлқұжатты ресімдеуге арналған құжаттар тізімі

Төлқұжатты ресімдеу үшін жіберуші орган Қазақстан Республикасы СІМ-нің Консулдық қызмет департаментіне (Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр көшесі, 28, 4-кіреберіс, 3-терезе) ұсынатын құжаттар тізімі:

- № 722 Жарлығының 1-қосымшасына сәйкес өтініш хат (Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын және Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізімдерін тіркеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, мұрағатқа сақтау және жою ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттары берілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығы);

- іссапарға жіберуші органның кадр қызметінен куәландырған сапар туралы бұйрықтың көшірмесі;

- төлқұжат алуға толтырылған өтініш (сауалнама);

- өлшемі 3,5 х 4,5 см екі түрлі-түсті фотосуреттер (Фотосурет құжатты рәсімдеу кезіндегі азаматтың жасына сәйкес келуі керек, жарық фоны бойынша қаралып, фотосуреттің жалпы көлемінің 70-80% -ын адам тұлға бейнесі алуы керек. Компьютерді сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

- паспортты тапсыруға және алуға арналған іссапарға жіберуші органның ресми хаты немесе сенімхаты.

Төлқұжат беру мерзімі құжаттар түскен сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін.

*Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 450 және 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 Қаулыларына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық даму институттарың атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер тізбесі бекітілген.

Қосылған : 19.02.2020, 15:25, Өзгертілген : 19.02.2020, 15:00