Қазақстан мен Пәкістан арасындағы берік парламентаралық байланыстар екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді

ИСЛАМАБАД, 2020 жылғы 6 наурыз – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Акан Рахметуллин Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Асад Қайсер мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Екі достас ел арасында сенімді әрі табысты қарым-қатынастарды орнату мақсатында, А. Қайсер екі елдің парламенттерін одан әрі терең ынтымақтастыққа шақырды.

Сонымен қатар, Ұлттық Ассамблеяның Спикері білім және тасымалдау, сондай-ақ визалық заңнаманы ырықтандыру салаларындағы ынтымақтастықты күшейту қажеттілігіне назар аударды.

Өз кезегінде А. Рахметуллин екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастыққа жоғары баға берді. Елшінің ерекше назары Пәкістан Ұлттық Ассамблеясындағы Қазақстан-Пәкістан парламенттік достастық тобының белсенді жұмысына бөлінді.

Сонымен бірге Қазақстан Елшісі өзінің бар жігерін парламентаралық қатынастар мен жалпы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына бөлуге уәде берді.

Кездесу барысында А. Қайсер 2019 жылдың қыркүйек айында орын алған Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі шеңберінде сапармен барған Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары туралы жарқын әсерімен бөлісті.


Қосылған : 7.03.2020, 18:00, Өзгертілген : 7.03.2020, 18:00