Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 101-ші отырысы өтті

2020 жылғы 3-7 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз бірінші отырысы өтті.

Тараптар демаркацияның қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды, сондай-ақ мемлекеттік шекара сызығының жекелеген учаскелерін белгілеуге байланысты кешенді мәселелер талқылады.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2020 жылдың наурыз айында Ресей Федерациясының аумағында өткізіледі.


Қосылған : 7.02.2020, 17:00, Өзгертілген : 7.02.2020, 17:00