Қазақстан Елшісі БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Африка Экономикалық Комиссиясының (ECA) Атқарушы хатшысы Вера Сонгвемен кездесті.

Елші Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасымен, оның ішінде БҰҰ және Африка елдерімен ынтымақтастықтың басымдықтарымен таныстырды. Теңізге шығар жолы жоқ Африканың дамушы елдерінің мүдделерін ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан БҰҰ шеңберіндегі Теңізге шығар жолы жоқ елдер тобының төрағасы ретінде аталмыш тақырыпта бірқатар шараларды, оның ішінде Аддис-Абеба қаласында да, өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

В. Сонгве Қазақстанмен бірқатар басымдықтар, оның ішінде Теңізге шығар жолы жоқ елдердің мәселелері бойынша тығыз жұмыс істеуге дайындығын білдірді. Тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Қосылған : 11.03.2020, 19:20, Өзгертілген : 11.03.2020, 19:20