Мажарлық Сегед университетінде Абай оқулары өтті

2020 жылғы 11 наурызда Мажарстанның Сегед қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған Абай оқулары өттіІс-шара барысында осы жылы 1150-жылдығы аталып өтетін ғұламафилософ Әбу Насыр әл-Фарабидің де мұрасы талқыланды

Сегед университетінің Алтаистика кафедрасында өткізілген іс-шараға профессорлық-оқытушылық құрамуниверситеттің мажарлық және қазақстандық студенттерісондай-ақ аталған университетте дәріс беретін отандасымыз Р.Мукушова қатысты.  

Өз сөзінде Елші Ж.Әбдрашов Қазақстан мен Мажарстан арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқанынағымдағы жылы Қазақстанда Абай Құнанбайұлы мен Әл-Фарабидің мерейтойларын бірге атап өтетінін жеткізді.    

Мажар тарапынан Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканыпрофЗ.Дьенге және Алтаистика кафедрасының меңгерушісіпрофИ.Зимони сөз алыпақын мен философтың әлемдік мәдени мұраға қомақты үлес қосқанын атап өтті.    

Іс-шара барысында мажар тілінде жарыққа шыққан Абай туралы кітаптар және Қазақстан тарихы туралы басқа да кітаптар Сегед университетінің кітапханасына сыйлық ретінде берілді.   

Іс-шара аяқталған соң Елші Ж.Әбдрашов Сегед университетінің Халықаралық және қоғамдық істер жөніндегі вице-ректоры П.Закармен кездесті.  

Қосылған : 11.03.2020, 19:45, Өзгертілген : 11.03.2020, 19:50