Пәкістандағы дипломатиялық қызметін аяқтаған Елші Барлыбай Садықовты елдің Сыртқы істер министрі қабылдады

Исламабад. 2019 жылғы 5 шілде – дипломатиялық қызметін аяқтаған Елші Барлыбай Садықовты елдің Сыртқы істер министрі Шах Махмұд Күреші қабылдады.

Әңгіме барысында Елші Б.Садықов Пәкістан сыртқы саяси ведомствосының басшысын Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға әрдайым қызығушылық танытып отырғаны үшін терең алғысын білдіріп, бұл қызығушылық екіжақты сипаттағы құбылыс екенін ерекше атап өтті. Осы орайда дипломаттар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі бекемдеуге бағытталған нақты іс-шараларды іске асырудың келешегі жайында ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу соңында Пәкістанның Сыртқы істер министрі Ш.М.Күреші еларалық ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесі үшін Елші Б.Садықовқа зор алғысын білдіріп, оған жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.

Қосылған : 5.07.2019, 18:00, Өзгертілген : 5.07.2019, 18:00