Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлерінің келіссөздері өтеді

Құрметті журналистер!

2018 ж. 17 сәуірде сағат 10:00-де Астанада Сыртқы істер министрлігі ғимаратында Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың 16-17 сәуірде Қазақстанға ресми сапармен келетін Корея Республикасы Сыртқы істер министрі КАН Гён Хвамен кездесу өтеді.

Екі жақты кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қазақстандық-корей сауда-экономикалық ынтымақтастығының дамуын, бірлескен халықаралық іс-шаралар кестесін, консулдық мәселелерді, сондай-ақ жаһандық және аймақтық күн тәртібін, оның ішінде корейаралық диалог пен Корей түбегінің айналасындағы ахуалды талқылауды жоспарлауда.

10:00 – протоколдық түсірілім.

11:00 – баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме.

Журналистерді іс-шара 20 минут басталмас бұрын келуді сұраймыз.

Аккредиттеу үшін өз мәліметтеріңізді (аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, жеке басын куәландырылған құжаттардың көшірмелері) 2018 жылғы 16 сәуір күні сағат 13:00-ге дейін «Корей СІМ-нің сапары» белгімен a.burkutbayev@mfa.kz электрондық мекенжайға жолдауды сұраймыз.

Анықтама телефоны: +7 7172 720145, +7 701 638 62 99

Өткізу орны: «Қазақстан» залы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимараты, Қонаев көшесі 31 (Түркістан көшесі жағында орналасқан кіреберіс).


Қосылған : 11.09.2017, 10:25, Өзгертілген : 13.04.2018, 17:05