Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 13-ші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 13-ші халықаралық кездесу өтеді.

Осыған орай, аккредиттеу үшін 2019 жылғы 31 шілденің сағат 12:00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын (.doc) press@mfa.kz поштасына жолдауды сұраймыз.

Аккредитация сұрақтар бойынша 8 (7172) 72-02-36 нөмерге хабарласуыңызды сұраймыз.

Қосылған : 19.07.2019, 12:20, Өзгертілген : 19.07.2019, 12:20