Астана және Бандар-Сери-Бегаван екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылықты білдіруде

2018 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттердің Ассоциациясы елдеріне жұмыс сапары шеңберінде Бруней-Даруссаламға барды.

Сапар барысында А. Камалдинов елдің Сыртқы істер және сауда министрінің Екінші Министрі Дато Сери Падука Эриванмен кездесіп Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының басымдықтары мен міндеттері, халықаралық бастамалары, сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметімен таныстырды. Қазақстаның қолайлы инвестициялық ахуалын ескере отырып, Министрдің орынбасары ықпалдастаықтық бағыттарын, атап айтқанда, халал индустриясын, исламдық қаржыландыру, мұнай және газ секторын атай келе, екі елдің іскер топтары мен қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Тараптар Қазақстан мен Бруней арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және оның даму перспективаларын талқылап, оның ішінде тұрақты саяси диалогты жалғастыру, екіжақты құқықтық базасы мен сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттарды кеңейтуі жөніндегі мәселелерімен қатар білім және ғылым, мәдениет салаларындағы өзара тиімді байланыстарды орнату қажеттілігін аттап өтті.

Өзара тиімді мүдде білдіретін халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, өңірлік ұйымдар, оның ішінде Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы әріптeстік бойынша ашық пікір алмасу болды.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар екі ел серіктестікті нығайту және жандандыру жолындағы талпынуын білдірді.

Қосылған : 9.04.2018, 12:55, Өзгертілген : 7.04.2018, 17:05