​Б. Атамқұлов Ресей Сыртқы істер министрімен сөйлесті

АСТАНА, 11 қаңтар 2018 - Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері Бейбіт Атамқұлов пен Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесті.

Министрлер екіжақты форматтағы және көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин өткізіп жатқан бағдарын іске асырудағы бірлескен жұмысын жалғастыруға дайындығын білдірді.

Сұхбат барысында Қазақстан-Ресей өзара әрекеттесудің бірқатар өзекті тақырыптары мен алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.

Қосылған : 11.01.2019, 19:00, Өзгертілген : 11.01.2019, 19:00