Бішкекте Қазақстанның 102 жастағы әртісі дауыс берді

             Бүгін Бішкек қаласындағы № 264 сайлау учаскесінде Қазақстанның халық әртісі Айша Абдуллина дауыс берді.

            Айта кету керек, ҚР Президенті сайлауына әжеміз 80 жастағы қызы Айгүл Қарымсақовамен бірге келді. 

            Айша Абдуллина өз дауысын бергеннен кейін, бата беріп, жиналғандарға денсаулық тіледі. «Менің өмірде көргенім көп. Н.Назарбаев халқына адал қызмет етті, енді осы сайлауда өтетін жаңа басшы Қазақстанды өркендетуге атсалыссын», - деді ол.

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшісі Кәрім Көкірекбаев оның белсенді азаматтық ұстанымына алғыс айтып, зор денсаулық тіледі және естелік сыйлықтар табыс етті.

Қазақстанның халық әртісі Бішкекте қызының қолында тұрады. Елімізде бірінші Дездемонаның рөлін сомдап, көрермендердің алғысын арқалаған Айша Абдуллина 1916 жылы 26 желтоқсанда туған, ұзақ жылдар бойы Шымкенттегі Шанин атындағы қазақ драма театрында жұмыс істеді. Ол 15 жасында осы таетр табалдырығын аттап, 95 жасында зейнеткерлікке шыққан.   

Қосылған : 9.06.2019, 13:45, Өзгертілген : 9.06.2019, 13:45